Шығыс Украинаның екі аймағында өткен референдумдарда процессуалдық тәртіп көп бұзылған. Алаяқтық туралы да деректер бар. Ал сепаратистер «референдум дұрыс өтті» дейді.
Өзін өзі жариялап алған «Донецк халық республикасы» басшысы Денис Пушилин Мәскеуден аймақты Ресей құрамына қосуды сұрады.
Шығыс Украинада өткен даулы "референдумде" тұрғындар басым дауыспен аймақтың өзін өзі басқаруын қолдады деп мәлімдеді жікшілдер. Киев пен батыс елдері "референдум" заңсыз дейді.
Сепаратистер аймақтың мәртебесіне қатысты Донецкіде өткен «референдумда» дауыс бергендердің 89.7 пайызы «өзін-өзі басқаруды қолдағанын» мәлімдеді.
Украинаның шығысындағы үкімет әскері мен сепаратистер қақтығысып жатқан екі облыста "референдум" өтіп жатыр. Жікшілдер дауыс беру "белсенді" жүріп жатқанын айтады.
Ресейшіл сепаратистер өткізіп жатқан референдумде тұрғындарға аймақта «өзін өзі басқару» енгізу жайлы сауал қойылған. Донецк, Украина, 11 мамыр 2014 жыл.
Славянск маңында түнде атыс болғанына қарамастан, таңертеңнен тұрғындар сайлау учаскелеріне келді. Киев пен Батыс елдері «аймақ мәртебесі туралы референдумды» заңсыз деп санайды.
Қырым татарлары Чатыр-даг тауына шығып, бұдан 70 жыл бұрын Совет өкіметі туған жерінен айырған халық қасіретін еске алды.
Шығыс Украинадағы сепаратистер аймақтың мәртебесіне қатысты "референдум" өткізу ниетінен қайтпай отыр. Олар наурызда Ресейге қосылған Қырымның жолын қайталамақ сыңайлы дейді сарапшылар.
Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков елдің шығысындағы Мариуполь қаласында әскерилер мен ресейшілдер арасында болған қақтығыстан 20 шақты сепаратист өлгенін мәлімдеді.
Еуропа Одағының Украинадағы жағдайға алаңдауына көптеген себептер бар. Соның ішінде аса маңыздысы – Ресейден газ тасымалдау мәселесі.
Ресейде мектеп оқушыларына ұлтшылдар жасап шығарған жаңа үлгідегі орыс әліпбиін ұсынды.
Тағы