Шығыс Украинадағы ресейшіл сепаратистер Өзбекстаннан адам жалдап жатыр деген ақпарат тарады. Азаттық сарбаз жинаушылармен сөйлесіп, олардың шетелден жауынгер тартуға құлықты екенін білді.
Украинаға қолдау білдіріп, Ресейді айыптаған шеруге қатысушылар чех үкіметін Украинадағы жағдайға бей-жай қарамауға шақырды.
Ресейдің украин тауарларына баж салығын салу ұсынысына Қазақстан мен Беларусьтің қарсы шыққаны хабарланды. Сарапшылар Мәскеу Киевпен арадағы жанжалға Астана мен Минскіні араластырмақ дейді.
Украинадағы дағдарыстан соң Мәскеу өзі қаржыландыратын ұйымдар арқылы Еуропадағы үгіт-насихатын күшейтті. Франция Ресейдің негізгі нысанасына айналғанға ұқсайды.
Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистер жетекшілері 27 маусымға дейін атысты уақытша тоқтата тұру туралы Киев ұсынған келісімді сақтайтындарын мәлімдеді.
Қырым белсенділері Ресей түбекті өзіне қосып алған соң есірткіге тәуелділер ем қабылдай алмай жатыр дейді. Ресей метадонға тыйым салғасын ондаған адам қаза тауып, я басқа аймаққа кеткен.
Украинаның жаңа сыртқы істер министрі Павел Климкинді өз ісінің білгірі, келіссөз жүргізуге машықтанған кәсіби маман ретінде сипаттайды.
Украинаның жаңа президенті Петр Порошенконың биліктегі алғашқы қадамының бірі медиамагнат Борис Ложкинді өз әкімшілігіне басшы етіп тағайындау болды. Оның лауазымға тұлға таңдау тәсіліне әзірше Майдан разы емес.
Ресей Украинаға газ беруін тоқтатты. Ресейдің газ компаниясы «Газпром» Киевтен отынның берешегін қайтаруды талап етті. Екі ел арасындағы газ дағдарысы бұрнағы жылдардан өзгеше болып тұр.
Ресей президенті Путинді тілдейтін жағымсыз сөз Украина сыртқы істер министрі Дещица айтқан соң тіпті танымал болып кетті. Украина президенті Порошенко министрді қызметінен босатуды ұсынды.
Кремль «Украинада тайраңдаған фашизм» туралы жиі айтады. Алайда бұл елдің шығыс аймақтарында алауыздық қоздырып отырғандар, керісінше, Ресей әсіреұлтшылдары.
Кремльдің Қырымға қатысты саясатын қолдаған ресейлік пианист Денис Мацуевке Нью-Йорктегі украинашыл белсенділер наразылығы.
Тағы