"Оңтүстік ағын" газ құбырын салу арқылы Украинаны айналып өтпек болған Ресейдің жоспарын күтпеген жерден Болгария бұзды.
Басына көз жетпейтін зәулім ғимараттарға өрмелеп шығып, төбесінен салбырап немесе биік кранға бір қолымен ілініп тұрып видеоға түсетін Киев тұрғынын күллі әлем қазір танып алған.
Украинадағы дағдарысты реттеу үшін үкіметті орталықсыздандыру реформасын іске асыру керек. Польша депутаты «Украинадағы қазіргі жағдайға қарамастан реформаны бастай беруге болады» дейді.
Азаттық тілшісі Левко Стек сепаратистерге қарсы соғысып жатқан жауынгерлерге қажетті заттар жеткізетін украин еріктілерімен сапарлас болды.
Ресейлік БАҚ Батыс баспасөзінің АҚШ, болмаса Еуропа саясатын сынайтын мақалаларын іліп әкетіп, Мәскеу позициясының дұрыс екенін дәлелдеуге пайдаланады.
Екі ай сепаратистер билеген, кейін үкімет әскері шабуылдаған Луганскінің мыңдаған тұрғыны Украинаның басқа аймағына бассауғалап кетті. Азаттық тілшісі сол босқынның бірімен әңгімелесті.
Ақтөбе мен Шымкентте Шығыс Украинаға «гуманитарлық көмек» жинаушыларды интернетте сынап жатыр. Ұйымдастырушылар Қарағандыда басталған мұндай акцияны «ҰҚК тоқтатқанын» айтады.
Закарпатье облысын Донбаспен салыстыруға болмас. Бірақ ол аймақтағы венгрлердің әрекеті этникалық мәселе Украинаның шығысын ғана қамтымайтынын көрсетеді.
Украинаның шығысындағы бүлікші қарулы топтарды кімдер бастап жүргені, олардың мақсат-мүдделері, өзара қарым-қатынасы көп жұртқа түсініксіз. Ресейшіл сепаратистерді кімдер басқарады?
Әкеден, туған елден айырған жүйенің айуандығын көрген ол «адамшылыққа қай кезде де орын бар» дейді. Саид Бекіров Азаттыққа өзінің қиын тағдыры, Қырымның өткені мен бүгіні жайлы айтты.
Шығыс Украинадағы Луганск қаласында болған соңғы шайқастан соң қала тұрғындары қауіпсіздіктеріне ешкімнің жауап бермейтінін түсінді.
Тағы