21 ақпанда Мәскеу Украинаның жікшіл екі аймағын "тәуелсіз ел" деп таныған соң ресейлік лауазымды тұлғалар түсініксіз, екіұшты мәлімдемелер жасаумен болды. Ертеңіне Владимир Путин Ресей сепаратистер бақылайтын аумақты ғана емес, тұтас екі облыстың тәуелсіздігін мойындағанын айтты.
Ресейдің Украинадағы сепаратистік аймақтар тәуелсіздігін мойындауы және Путиннің оған берген түсінігі Орталық Азия үшін нені аңдатады?
Ресей президенті Владимир Путин Украина шығысындағы екі облысты тәуелсіз ел деп таныды. Бұл облыстар Мәскеу қолдап отырған сепаратистер бақылауында еді. Азаттық радиосы Путиннің мұндай шешім қабылдауына не себеп болғанын саралап көрді.
Ресей билігі Украинаның шығысындағы сепаратистік "ДХР" және "ЛХР" деп аталатын құрылымдарды "тәуелсіз мемлекет" деп танитынын мәлімдеді. Ресей президенті Владимир Путин аталған екі аймаққа Ресей әскерін кіргізуге бұйрық берді. Киев пен Батыс мемлекеттері Мәскеудің бұл қылығын айыптап жатыр.
Украина президенті Владимир Зеленскийдің "Донбасс бойынша бейбіт процесте жетістікке жетеміз" деп белгілеген бір жыл мерзімі аяқталды. Бір жылда Украинаның шығысындағы Киевтің бақылауына кірмейтін аудандарда не өзгерді?
Украина билігі мен елдің шығысындағы ресейшіл сепаратистер арасында тұтқындар мен қамауда болғандарды алмасу процесі аяқталды. Жексенбінің кешінде Киевке қайтарылған адамдар мінген ұшақты Борисполь әуежайында Украина президенті Владимир Зеленский күтіп алды.
Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей президенті Владимир Путин 2019 жылдың соңына дейін Украинаның шығысындағы атысты тоқтату режимін толық енгізіп, тағы да тұтқын алмасуға келісті. Тараптар бұл туралы Парижде өткен "норман төрттігі" саммитінен соң мәлімдеді.
Назарбаевтың бітімгерлігіне Путиннің жауабы
Польша билігі Украинаның Донбасс аймағындағы соғысқа қатысқан украин ұлтшылы Игорь Мазурды Ресейдің сұрауымен Интерпол жариялаған халықаралық іздеу құжаты негізінде ұстады.
Бір кезде Мәскеуге америкалық танкіге мініп келетінін айтқан ресейлік диссидент журналист Аркадий Бабченко Украинадан кетіп қалды. Ол бұл елде 2017 жылдың күзінен бері тұрып жатқан еді.
Украинаның Донецк облысына құлаған малайзиялық "Боинг" ұшағының апатқа ұшырау себебін зерттеген бірлескен тергеу тобы алғаш рет Нидерланд билігі бастаған қылмыстық іс бойынша күдікке ілінген төрт азаматтың аты-жөнін атады.
Тағы