Атырау облысы Үштаған ауылындағы бұрынғы мектеп ғимаратында адамдар тұрып жатыр. Бұл - Қазақстандағы қазіргі өмір. Атырау қаласынан Үштаған ауылына барған сәтте түсірілген. 2012 жылдың желтоқсаны. (Жүктеген адам Асан Қуанышкереев).
Атырау облысы Азғыр ауылындағы совет кезінде ядролық полигон болған жерді қазір қоршап қойған. Ауыл халқы әлі күнге сол жердің суын ішіп, малын бағып отыр. (Жүктеген адам Асан Қуанышкереев).
Азаттық жариялаған байқауға түскен алғашқы видео-материалдардың бірі атыраулық оқырман Асан Қуанышкереевтікі. Автор былтырғы желтоқсан айында болған оқиға барысын жан-жақты түсіріп алған.
2012 жылдың аяқ жағында Қызылқоға ауданындағы жұмыс көліктері қардан өте алмай жатыр. Қазақстанда жол тазалау қызметі нашар. Соны қолға алу керек. Әйтпесе адамдар қардың астында қалып қойып жатыр. Жүктеген адам: Қуанышкереев Асан
Қытайдың Текес ауданы Көктерек ауылындағы қазақ пен қырғыз жігіттері көкпарға лақ тартқан үй иесіне бата беріп тұр. (Видеоны Азаттыққа жіберген - Бектұр Ілияс).