Ресей билігі Telegram мессенджерін арнайы реестрге алып, қолданушылардың хат-хабар алмасу шифрының кілтін қолға түсіргісі келеді. Мобильдік байланыс қосымшасының негізін қалаушы Павел Дуров үкіметтің талабына көнбей отыр.
Қазақстанда Азаттық сайтының кейбір провайдерлер желісінде ашылмай тұрғанына бүгін төртінші күн болды. Мамандар сайт бұғатталған кезде оны оңай ашу жолдарын ұсынады.
Тәжік жастары отбасылық шаруаны тындырғанда жаңа технологияны, әсіресе Skype желісін жиі пайдалана бастаған сыңайлы.
Биыл Қазақстанның инновация және жемқорлықпен күрес бойынша рейтингісі жоғарылады, ал көркею және сөз бостандығы рейтингтері нашарлады.
Ресейдің «Яндекс» компаниясы қазақстандық жүргізушілерге ел аумағында жол көрсететін мобильдік қосымшаны іске қоспақ. Қазақстан нарығында ресейлік өзге компанияларға тағы бір бәсекелес қосылды.
Жыл басынан бері үш мәрте қайталанған бұғатталу себебін кейбір IT мамандар провайдерден көреді. Ал «Қазақтелеком» ақаудың «өздерінен емес» екенін айтады.
Өзін Украина тұрғыны, 13 жасар баламын деп таныстырған компьютер адамдарды алдап соғып, Тьюринг тестінен өткен алғашқы машина атанды.
Маусымның 20-сы күні «Қазғарыш» агенттігі Қазақстанның КazEOSat-2 жер серігі Ресейдің «Ясный» ғарыш айлағынан ұшқанын хабарлады.
Қазақстандық онлайн-дүкендерді пайдаланушылар – уақыт үнемдеп, әрі арзан тауар алуға ұмтылатындар. Дүкен иелері жылдық сауда айналымы бірнеше миллион долларға жететінін айтады.
Ғылымның дамуы арқасында бионикалық қол фантастикадан өмір шындығына айналды. Қолдан айрылған жандар жаңа протездің көмегімен затты ұстап, сезіну қабілетіне қайта ие болды.
Хорватияның білім және технология мамандары аутизмге шалдыққан балаларға арналған инновациялық жобаны қолға алды. Диагноз қою үшін олар робот қолданбақ.
Әл-ауқат деңгейі жөнінен әлемдегі алғашқы елу ел қатарына енген Қазақстан жемқорлық пен баспасөз бостандығына келгенде тізімнің соңына түсіп қалады.
Тағы