АҚШ президенті Дональд Трамп Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын (ДДСҰ) қаржыландыруды тоқтатуға бұйрық берді. Оның сөзінше, ұйым коронавирусқа байланысты АҚШ пен Қытай арасындағы қайшылық кезінде Пекиннің сөзін сөйлеп кеткен.
АҚШ мемлекеттік департаменті наурыздың 11-і күні жариялаған Адам құқықтары туралы 2019 жылға арналған есебінде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың билікке әлі ықпал етіп отырғаны, қазіргі үкімет адам құқығын шектеп жатқаны айтылған.
Ауғанстандағы ұзаққа созылған соғысты тоқтатуды көздейтін АҚШ пен "Талибан" арасында бірнеше күн бұрын ғана қол қойған тарихи келісімнің сиясы кеппей жатып талас тудыратын мәселелер пайда болды.
АҚШ Сенаты президент Дональд Трампқа импичмент жариялауды қолдамады. Сенатта көпшілік дауысқа ие республикашылдар Трампқа "билік өкілетін теріс пайдалану" және "Конгресс жұмысына кедергі келтіру" айыптары негізсіз тағылған деп тапты.
АҚШ президенті елдегі жағдай туралы жыл сайынғы жолдауын жариялады. Өзі басқарған кезде ел экономикасы жетістіктерге жеткенін мәлімдеген Дональд Трамп соңғы жарты жылда Конгрестің көп уақытын алған импичмент дауы туралы ештеңе айтқан жоқ.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанға бір күндік жұмыс сапары барысында Азаттыққа сұхбат берді. Дипломат АҚШ-тың Шыңжаңдағы "саяси тәрбие лагерьлері" бойынша ұстанымы, Орталық Азияда қандай мәселелерге басымдық беретіні және Қазақстанмен әріптестігінің болашағы жайлы айтты.
The New York Times газеті "АҚШ президенті Дональд Трамп былтыр тамызда бұрынғы кеңесшісіне саяси қарсыластары жайлы зерттеу жүргізуге көмектеспейінше, Украинаға әскери көмекті кейін шегергісі келетінін айтқан" деп хабарлады. Трамп мұны терістеді.
АҚШ-та 2016 жылы өткен президент сайлауына Ресейдің араласуын тексерген топты басқарған бұрынғы арнайы прокурор Роберт Мюллер шілденің 24-і күні АҚШ конгресі өкілдер палатасының екі комитетіндегі тыңдауда сөз сөйледі.
АҚШ президенті сайлау штабының Ресеймен ымыраласу ықтималдығын тексеру ісін "ақылға сыймайтын біржақты" деп сынады, мигранттар мәселесін қайта көтеріп, Ким Чен Ынмен тағы кездесетінін айтты.
АҚШ президенті Дональд Трамп "Ресейге ешқашан жұмыс істемегенін" мәлімдеді. Ол мұны Ресей президенті Владимир Путинмен байланысы жайлы мәселені қозғаған БАҚ жарияланымдарына жауап ретінде айтты.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен өткізген келіссөзінің егжей-тегжейін өз әкімшілігі қызметкерлерінен бүкпегенін айтады. Ол "еш нәрсені құпия ұстап отырмағанын" мәлімдеген.
АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрынғы ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Флиннің үкімін жариялау кейінге қалды.
Тағы