Жаңаөзендік белсенділер орталық алаңда қаралы жиын өткізу туралы өтініштеріне рұқсат етілмегенін айтады. 2011 жылғы қанды оқиға құрбандарына қала маңындағы Теңге ауылында ас берілмек.
Польша астанасында ашылған фотокөрмеге қойылған суреттерді Жаңаөзен оқиғасы кезінде қарапайым мұнайшылар, жергілікті және шетелдік журналистер түсірген.
Жаңаөзенге қала жастарының шақыртуымен барып қайтқан ғалым Тұрсын Жұртбай екі жыл бұрынғы мұнайшыларға оқ атылған оқиғадан кейінгі өзгерістер жайлы айтты.
2011 жылы 17 желтоқсанда Жаңаөзенде оқ тиген Қайрат Досмағамбетовтың жарақаты мен ауруханада жұқтырған дерттен емделгеніне екі жылдай болды.
Оппозициялық саясаткер Владимир Козловты тұрғылықты жері – Алматы облысындағы колонияға ауыстыруға негіз жоқ деп хабарланды. 7,5 жылға сотталған ол Солтүстік Қазақстан облысында жаза өтеп жатыр.
2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы туралы жырлар тұңғыш рет кітап болып басылды. Кейбір оқырмандар кітапқа «Жаңаөзен қасіретін емес, Маңғыстау табиғатын суреттейтін» жырлар еніп кеткенін айтады.
Amnesty International ұйымы жаңа баяндамасында елдегі азаптаудың әдеттегі құбылысқа айналғанын, азаптаушылардың жазаланбайтынын айтып, Қазақстан билігін сынаған.
Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы "Өтпелі кезең елдері: 2013" атты есебін жариялады. Қазақстан бұл тізімде былтыр демократиялық жағдайы нашарлаған 17 елдің қатарында тұр.
Жазасы жеңілдетілген жаңаөзендіктердің туыстары бірнеше тәулік бойы жақындарының шығуын күтіп Орал түрмесінің алдында тұр.
Қазақстандық құқық қорғаушылардан құралған сарапшылар тобы "саяси және ар-ұждан тұтқыны" деп анықтаған бес адам түрлі мерзімге сотталып, түрмеде отыр.
Жоғарғы сот Жаңаөзен оқиғасына байланысты сотталған алты адамның жазасын екі жыл мерзімге шартты жазаға алмастырып, оларды қамаудан босату туралы шешім шығарды.
Батыс басылымының жазуынша, Ұлыбританияның экс-премьер-министрі Қазақстандағы «дөрекі полиция жүйесін» реформалауға қатыспақ. Жергілікті құқық қорғаушы бұған күмән келтіреді.
Тағы