Алмалы аудандық соты қамаудағы оппозициялық саясаткердің үй-ішінің «жалғыз баспанасын тәркілемеу» туралы шағымын қанағаттандырмады. Шағымданушы жақ апелляцияға жүгінетінін айтады.
«Жаңаөзен ісі бойынша сотталған екі азаматтың Ақтаудағы қоныстандыру колониясына ауыстырылғанын колония басшылығы Азаттыққа растады. Туыстары олар туралы айтуға сақсынады.
Қазақстан парламенті мәжілісі әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздырғаны үшін 15 жылға дейін түрме жазасын тағайындайтын жаңа заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Қазақстанда азаптау мен саяси тұтқындардың құқығын шектеу фактілері көбейіп бара жатқанын айтқан еуропалық құқық қорғаушы Людмила Козловска жағдайды жақсарту жолдарын ұсынады.
Роза Төлетаеваның қоныстандыру колониясына ауыстыру туралы бірнеше ай бойы қаралған өтінішін қаңтардың 9-ы күні Атырау соты қанағаттандырды.
Жаңаөзендегі қанды оқиғаға қатысты сотталғандарды босату туралы үндеуге интернет арқылы қол жинау жалғасып жатыр. Үндеу Қазақстан президентінің атына жазылған.
«ӨзенМұнайГаз» компаниясына кәсіподақтар жаңа ұжымдық келісім-шартқа қол қойды. Белсенділер жаңадан жұмысқа тұрған мұнайшылардың кәсіподаққа кіруден тартынатынын айтады.
Бүгін Алматыда «Жаңаөзен күнделігі» атты деректі фильм көрсетілді. Премьераның соңы 2011 жылы Жаңаөзенде болған оқиғаның себеп-салдарын талқылауға ұласты.
Астана мен Алматыдағы азаматтық қоғам белсенділері 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасының құрбандарын еске алды. Ал Еуропарламентте Қазақстандағы адам құқықтары туралы тыңдау өтіп жатыр.
Маңғыстаудағы Теңге ауылында Жаңаөзен құрбандарына ас беріліп, қатым түсірілді. Жаңаөзен полициясы ас қарсаңында кейбір адамдарды бірнеше сағат ұстағаны туралы ақпаратты жоққа шығарады.
Қара жамылған отбасылар «Жаңаөзен оқиғасы» туралы баяндауға сирек келіседі. Толқу кезінде өлген марқұм Бекежан Дүйсебаевтың жесірі екі жыл бұрын қандай хал кешкендерін Азаттыққа айтып берді.
Жаңаөзен оқиғасының екі жылдығы қарсаңында Азаттыққа сұхбат берген азаматтық белсенді әрі суретші Қанат Ибрагимов «оқиғаның әділ бағасы ешқашан берілмейді» дейді.
Тағы