Қазақстанның бас прокуратурасы Азаттыққа ресейлік белсенді Александр Поткиннің (Белов) үстінен қылмыстық іс қозғалғанын растады.
Қазанның 30-ы – Халықаралық саяси тұтқындар ынтымақтастығы күні. Бұл күннің қарсаңында Ресейде қуғын-сүргін құрбандарын еске алу акциялары өтті. Қазақстанда олар жайлы құқық қорғаушылар мен саясаткерлер ғана айтады.
2011 жылы желтоқсанда Жаңаөзен қаласында болған оқиғаға байланысты бес жылға сотталған Шабдал Өткелов бостандыққа шықты.
Оппозициялық саясаткер Владимир Козлов отырған түрменің бастығы тұтқынның әйелінің қамаудағыларды жаппай ұрып-соғу мен жиі тінтулерге қатысты шағымын мойындамады.
Бес жыл бұрын белгілі қазақстандық құқық қорғаушы Евгений Жовтис сотталып, жазасын өтеп жатқан жерінен рақымшылыққа ілінді. Азаттыққа берген сұхбатында ол түрмеде жазасын өтеп жатқан белсенділер туралы да айтты.
Алматы маңындағы түрмеде отырған оппозициялық саясаткер Владимир Козловты жақтастары туған күнімен құттықтады.
Жаңаөзен оқиғасына дейін бір көзінен айырылған Жігер соттың кесірінен жасанды көзді үш жыл кешігіп салдырғанын айтады. Ал Жанболат сол кезде оқ тиген аяғына 8 операция жасатса да оңала алмаған.
Мақсат Досмағамбетов түрмеден Алматыдағы ауруханалардың біріне түсіп, оған операция жасалды. Қоғамдық белсенді қамаудағы жаңаөзендіктердің денсаулығы жайлы ақпарат алу қиын екенін айтады.
Қазақстанда тәуелсіз кәсіподақ белсенділері Жаңаөзендегі қанды оқиғадан кейін билік қабылдағалы отырған «Кәсіподақтар туралы» жаңа заң жобасы еңбек дауларын одан сайын қоздырады деп алаңдайды.
ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының өкілі Исабель Сантос түрмедегі оппозиционер Владимир Козловпен жолықты. Ал Жаңаөзен мұнайшылары белсендісі Роза Төлетаевамен кездесе алмады.
ЕО-ның Жаңаөзенде жаңа жұмыс орындарын ашу туралы арнайы жоба бастамақшы екенін жергілікті тұрғындар әлі білмейді. Әкімдік дені жас жұмыссыздардың мәселесін шешуге тырысып жатқандарын айтады.
Тыйым салынған оппозициялық «Алға» партиясының қамаудағы жетекшісі Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова жақында күйеуімен кездесіп қайтты.
Тағы