Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында 2011 жылы полиция оғынан қаза болғандардың туған-туыстары құран бағыштап, марқұмдарды аза тұтты. Араларында қаралы күні дастархан жаюға шамасы келмеген үйлер де бар. Мұнайшылар адамынан айырылған отбасыларына өздері қаржы жинап, көмек көрсетті.