Сарапшылар Талғат Ермегияевтің тұтқындалуын алдын ала болжанған коррупциялық жанжалға балайды. «Астана EXPO-2017» топ-менеджерлерінің жұмысы бұрын да сынға іліккен.
Бүгін парламент депутаты Айгүл Соловьева Қазақстанда «коррупциялық қылмыс көбейгені байқалады» деп мәлімдеді. Бірақ ол былтыр қанша қылмыс жасалғанын айтпады.
Қазақстан шекара қызметінің экс-директоры Нұрлан Жоламанов 11 жылға сотталып, бұрынғы әскери бөлім командирі Қайрат Балмағамбетов қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Бішкектегі Қырғызстан медицина академиясындағы коррупциялық дау осы оқу орны қызметкерлері Азаттық тілшілеріне күш көрсеткен соң тіпті ушыға түсті.
Табиғи монополияны реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы, «жемқорлық» бойынша айыпталған Мұрат Оспановтың сотында айыпталушылардан жауап алынып жатыр.
Қазақстан 2014 жылы да жемқорлықпен қарқынды күресетінін мәлімдеп, бірнеше лауазымды шенеунікті жауапқа тартты. Бірақ сарапшылар бұл науқанға күдіктене қарайды.
Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі Жанар Жандосова Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстандағы антикоррупциялық саясаттың тиімділігі жайлы ойларын айтты.
Павлодар соты облыстың бұрынғы әкімі Ерлан Арынға үш жыл шартты жаза беріп, сот залынан босатты.
Экс-премьер Серік Ахметов Қарағанды облысындағы "коррупциялық істерге байланысты" айыпталып, үйқамаққа алынғаны хабарланды
Астананың қылмыстық істер бойынша соты бұрынғы ауылшаруашылық вице-министрі Мүсілім Өміраевты 10 жылға бас еркіндігінен айыруға үкім шығарды.
Жемқорлық айыбы тағылған бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өміраевтің ісі сотқа жетті. Министр Асылжан Мамытбеков «егер оның айыбы дәлелденсе, отставкаға кететінін» айтқан.
Қырғызстанда «қылмыстық топтармен байланыстары бар» деп айыпталған депутаттар тізімі жарияланды. Депуттардың кейбірі ондай топтарға қатысы жоғын айтып, бұл ақпараттан саяси астар іздейді.
Тағы