Қазақстан Ресейге қарсы санкцияларға байланысты жеке жоспарын жасағанын хабарлады. Үкіметтің кеңейтілген жиынында мәлім болған бұл жоспар "ел президенті Назарбаевтың тапсырмасы" екені айтылды.
«Қорғас ісі» бойынша сотталған адамдардың айыптау үкіміне қатысты шағымын қараған Қазақстан әскери сотының апелляциялық алқасының шешімі жуырда шықпақ.
Биліктегі «Нұр Отан» партиясы жемқорлықпен күресудің кезекті бағдарламасы жобасын ұсынды. Кей саясаткерлер оның іске асарына күман келтіреді.
Сотқа тартылып жатқан бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов жемқорлық ісінде жазығы жоғын айтты. Бірақ президентшіл «Нұр Отан» партиясы оны «кір келтіргені үшін» қатарынан шығарған.
«Аса ірі көлемде пара алған» деген айып тағылған экс қорғаныс вице-министрі айыпты мойындамайды, әрі үкімге қатысты шағым бермек. Осы іс бойынша өзге үш айыпталушының әрқайсысы 10 жылға сотталды.
Бұрынғы президент Виктор Януковичтің тұсында Украина кәсіпкерлері тонаушы рейдер топтардың құқайынан зәрезеп болған еді. Енді олар «тәркіленген» мүліктерін қайтарып алып жатыр.
«Миллиард теңгеден аса бюджет ақшасын талан-таражға салған және жымқырған» деген айып тағылған бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовтің сот процесі 23 маусым күні Астанада басталмақ.
Жуырда Алматы қаласында қорғаныс министрінің орынбасары Бағдат Майкеев ісіне қатысты алдын ала сот тыңдауы өтеді. Өзін жемқорлықпен бітіспес күрескер ретінде санайтын генералға «пара алды» деген айып тағылған.
Қырымның Ресей тағайындаған үкіметі түбектегі сыбайлас жемқорлықпен аяусыз күрес жүргізуге уәде беріп келе жатқалы бір айдан асты.
«Қорғас ісі» бойынша басты айыпталушылар ұзақ мерзімге сотталды. Істі болғандардың туыстары «бұрын-соңды болып көрмеген сот процесі ең басты мәселені – кедендегі алым-салықты жойған жоқ» деп отыр.
Революция – бар шаруаның басы ғана. Билік ауысқан соң халық болып күрескен сол идеалдарды жүзеге асырудың қажеттігі туындайды.
«Еуромайдан» дәрігері Ольга Богомолец Киевтегі үкіметке қарсы шеру кезінде жаралыларды емдеп, Украина қаһарманына айналды. Енді ол президент сайлауына түспек.
Тағы