Құқық қорғаушылар ыңғайсыз азаматтық белсенділерден психиатрия арқылы құтылу билік үшін ыңғайлы амалға айналып бара жатқанын айтады.
Қарағанды облыстық соты Қазақстанның экс-премьер-министрі Серік Ахметовтің мүлкін тәркілеп, өзінің 5 жыл бойы мемлекеттік қызмет атқаруына тыйым салды.
Жемқорлық қылмыс айыбымен Қарағандыда сотқа тартылған бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік Бауыржан Әбдішев «тергеушілер жалған түсінік беруге көндіру үшін қысым көрсетті» деп мәлімдеді.
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрінің ісі бойынша сотталушылардың бірі Серік Ахметовтің ұлының өтініші бойынша шетке ақша аударғанын айтты. Ахметов бұл айыпты терістейді.
Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтің және Қарағанды облысы мен қаласы әкімдіктерінің бұрынғы шенеуніктерінің сотында құжатқа жалған қол қою туралы да айтылды
Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтің ісі бойынша сотталушылар мен адвокаттары Қарағандыда өтіп жатқан сот процесінде «тергеу бастауға арызданған негізгі куәгер жалған куәлік етті» деп мәлімдеді.
Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтің ісі бойынша сотта төменгі сатыдағы шенеуніктерді мемлекеттік сатып алу кезінде шешім қабылдауға қалай мәжбүрлейтіні айтылды.
Экс-премьер Серік Ахметов пен бұрынғы шенеуніктер ісі бойынша сотта тараптар дауласып қалды. Бұрынғы облыс әкімі Бауыржан Әбдішев айыптау материалындағы кейбір сөздерді түсіндіруді сұрады.
Бүгін басталған сотта бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтің адвокаты тағылған коррупциялық қылмыстарға клиентінің қатысы жоғын көрсететін әлдебір хат-хабарламаларды сұратуды өтінді.
Экс-премьер Серік Ахметов пен Қарағанды облысының бұрынғы басшыларының адвокаттары негізгі сот отырысында жаңа деректер жарияламақшы.
Freedom House есебінде Қазақстан демократияны дамыту жағынан өтпелі кезеңде тұрған 29 ел ішінде 25-орын иеленген. Қазақстаннан кейін Беларусь, Әзербайжан, Түркіменстан, Өзбекстан тұр.
Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Бағдат Майкеевті түрмеден босатқаны жарты жылдан кейін белгілі болды. Оны сырқатына байланысты еркіндікке шығарған.
Тағы