Сарапшылар жемқорларды банкте есепшотының бар-жоғы тоқтата алмайтынын айтады.
Қазақстанда ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау көбейген. Ал онымен күрес билік топтарының өзара тайталасына көбірек ұқсайды. Түйені түгімен жұтқан лауазым иелері қамаудан ерте шығып кетеді не айыппұл төлеп құтылады, ал парақорлық бүкіл қоғамды меңдеп барады деп дабыл қағады сарапшылар.
Сот жемқорлық айыбымен жеті жылға бостандығынан айырған Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақов "айып тағуға түрткі болған әрекеттер кезінде облыс әкімі болмағанын" алға тартады. Сарапшылар ірі шенеуніктердің істі болуына саяси элитамен қарым-қатынасының әсері бар дейді.
Әлемдік БАҚ Қазақстандық олигархтар мен маңызды саяси тұлғалардың қатысы бар атышулы істер жайлы жазып жатыр. Көбіне бұған британдық журналист Том Берджестің "Клептопия: "Лас ақша" әлемді қалай жаулайды?" кітабының жарық көруі себеп болды. Азаттық одан сұхбат алды.
Covid індеті кезінде Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі жемқорлық дауына қалды. Бірнеше жоғары шенді шенеунік тергеуге алынды. Жемқорлыққа қарсы қызмет министрліктің құрылымдық бөлімшелерін әлі тексеріп жатыр. Сарапшылар жүйедегі жемқорлықтың тамыры өте берік екенін айтады.
Қазақстанда жергілікті атқарушы билік желіде байқау жариялап, жекеменшік кәсіпкерлерден тауар, жұмыс пен қызмет түрін сатып алатын мемлекеттік сатып алу саласы – жемқорларға таптырмас табыс көзі.
Азаттық былтыр Лондонда "шығу төркіні белгісіз ақшаға алды" деген күдікпен бұғатталған қымбат мүліктің иесі Дариға Назарбаева мен Нұрәлі Әлиев екенін анықтаған зерттеу авторларының бірі, Transparency International UK ұйымының өкілі Бен Коудоктен сұхбат алды.
Ауыл тұрғындары "мал бағатын жер жоқ" деп шағымданады. Сарапшылар заң қабылдап, Жер кодексін өзгерткенімен билік жайылым жерді халыққа қайтара алмай отырғанын айтса, депутат "жерді қайтаруға жергілікті әкімдіктердің құзыреті бар" деп санайды.
«Ақша жымқырды» деп сотқа тартылған бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа мен өзге айыпталушылар 14 қаңтарда Қарағандыда өткен сот отырысында өздеріне тағылған айыптардың негізсіз екенін айтты.
Қазанның 24-27 аралығында Алматыда АРТиШОК театрының ұйымдастыруымен өткен POST DRAMA WEEKEND шарасында жергілікті театрлардың әдеттегі форматынан өзгеше қойылымдар көрсетілді.
Астана халықаралық бағалауға мән бере ме? Мұндай рейтингілер шешім қабылдау процесіне ықпал ете ме?
Transparency International (TI) халықаралық ұйымының 2018 жылға арналған Жемқорлық индексінде алдыңғы жылмен салыстырғанда екі орынға төмендеген Қазақстан қазір 124-орында тұр.
Тағы