Чехия астанасы Прагада «Хабарстан» жобасы таныстырылды. Бұл - Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі азаматтық секторды қолдау үшін құрылған Прага азаматтық орталығы біріктірген шығармашылықпен айналысатын бір топ адамның пародия-жобасының атауы.
Прагада "Хабарстанды" жұртшылыққа таныстырды. Жоба Қазақстанда мемлекеттік пропагандаға жылына қанша қаржы жұмсалатынын көрсетеді.
Неге дін саласын мемлекет реттеуі керек? Тікелей эфирде өтетін AzattyqLIVE хабарында бұл сұраққа Қазақстанның дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің дін істері жөніндегі комитеті төрағасы міндетін атқарушы Еркін Оңғарбаев жауап береді.
Өмірбек Жампозовтың туыстары марқұмның сүйегін туған жері Таразға алып кетті. Ол өзіне үкім шығатын күні прокурор мен тергеушіні атып жаралап, өзі атылып өлген еді.
Прагада «Постсоветтік елдердегі клептократия және оларды қалай реформалауға болады» деген семинар өтіп жатыр. Коррупциямен күрестегі азаматтық қоғам мен БАҚ-тың рөлі жайлы айтқан қатысушылар ішінде Қазақстан өкілдері де бар.
Биыл Қазақстанның вице-премьері әрі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева отандастарын "сараңданбай салық төлеуге" шақырған.
Франция соты Мұхтар Әблязовты үй қамағына босатудан бас тартты. Адвокаттары «оны экстрадициялау ісі бойынша Францияда қамауда ұстау мерзімі тым ұзаққа созылып кетті» деп мәлімдейді.
Билік Павлодар колониясында отырған тұтқын Бақытжан Әбдікәрімов өз-өзіне қол салған деген мәлімдемесінен танбайды.
Өзбекстанда Ташкент облысының бұрынғы әкімі, генерал Ахмаджон Усмановты тұтқындады. Озбырлығы үшін жергілікті халық оны «Гитлер» деп атап кеткен.
Инвестиция жөніндегі британдық кеңесші Лондон мен Астанада тұратын Бенджамин Годвин экономикалық дағдарысқа байланысты Қазақстан режиміне төнетін қатерлерге назар аударады.
Freedom House құқық қорғау ұйымы Nations in Transit бағдарламасының директоры Нейт Шенккан Қазақстанның наурызда өткізетін мәжіліс сайлауы халықты тұрақтылыққа иландыра алмасын айтады.
Бұрынғы қайынатасы Нұрсұлтан Назарбаевпен ұзақ жылдарға созылған тартыс Рахат Әлиевтің қазасымен аяқталды. Оның бұрынғы әйелі Дариға Назарбаева вице-премьер болып тағайындалды. Биыл саяси сахнаға олардың кіші ұлдары Айсұлтан Назарбаев шықты.
Келер айда Қазақстан мен ЕО арасында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі келісімге қол қойылмақ. Астана мұны жариялаған кезде ЕАЭО-ның саяси мүдде көздемейтін одақ екенін тағы айтты. Бірақ бақылаушылар "ЕАЭО - Кремль үшін саяси жоба" дейді.
"Хьюман райтс вотч" ұйымының өкілі Мира Риттман не себепті Ұлыбритания премьерінен Қазақстандағы адам құқықтары мәселесін қозғауды сұрағанын айтты.
2010 жылғы сәуір төңкерісінен соң елден қашқан Қырғызстанның экс-президенті Құрманбек Бакиев Минскіде «Менің Қырғызстаным: жан жарам, махаббатым әрі үмітім» атты кітабын таныстырды.
Оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязовты Ресейге экстрадициялауды Франция үкіметі қолдап отыр. Оның адвокаттары әлі шағымдануға мүмкіндік бар екенін айтады.
ЕҚЫҰ Adam журналы, Nakanune.kz, Ratel.kz және Zonakz.net сайттарына қатысты соңғы жайттарға алаңдайды. Журналистер мақалаларын әлеуметтік желілерде жариялап жатыр, бірақ енді бұл платформаға да қауіп төнген.
Душанбеде Тәжікстан Ислам өркендеу партиясы жетекшілерінің бірі тұтқындалып, өткен айда бұл ұйымның аймақтық филиалдары жабылды. Сарапшы «енді радикалдар көбейеді» дейді.
Британ зерттеушісі Лука Анчески Азаттыққа берген сұхбатында «Қазақстанның блогсфера және әлеуметтік медиа сияқты бейсаяси цифрлық БАҚ-тары авторитарлық режим билігін күшейтуге көмектеседі» дейді.
Вена прокуратурасы Рахат Әлиевтің бұрынғы камераластарын ақтау жөніндегі сот шешіміне қарсы шағым түсірмек. Қаза болар алдында Әлиев оларды «бопсалады» деп айыптаған.
Тағы