Кремльдің Украинаға басқыншылығына қарсы болғаны үшін қысым көріп, шетелге кеткен ресейлік эмигранттардың көбі бұрынғы кәсібін жалғастыруға тырысады. Бірақ ондай мүмкіндік әркез бола бермейді. Север.Реалии сайтының материалын ұсынамыз.
Ресейде қудалауға ұшыраған тәуелсіз ақпарат құралдары шетелде күш жинап, Кремль пропагандасына қарсы салмақты күшке айналып үлгерді.