Алматыдағы Алмалы аудандық соты көші-қон полициясының бұрынғы аға инспекторы Данияр Әденовті салғырттық айыбы бойынша кінәлі деп тапты. Іс бойынша, айыпталушының салғырттығы Алматы тұрғыны Индира Тергеубаеваның өміріне қастық жасалуына жол берген. Бұл туралы Тергеубаеваның адвокаты хабарлады.
Бішкекте 27 жастағы Айгерім Нұрланбекованың өлімі жөніндегі даулы іс бойынша сот басталды. Былтыр қарашада оны 35 жастағы күйеуі Рашид Акматов қызғаныштан өлтіріп тастаған.
Қазақстанда тұратын орыс ұлтының өкілдері QazNews24 сатиралық паблигінің авторы, қазір қамауда отырған Темірлан Еңсебекті қорғау акциясын бастады. Олар белсенді саяси әжуаға бола қудалауға ұшырады деп біледі. Билік істің саяси астары жоқ дейді.
Батыс санкциясына ілінген Беларустің "Интеграл" кәсіпорны 2022 жылдың наурызынан 2024 жылдың маусымына дейін Ресейге құны 130 миллион еуродан асатын миллиондаған микросхемана жеткізген. Кәсіпорын еуропалық құрал-жабдықтарды Қазақстандағы шағын компания арқылы сатып алған дейді зерттеу авторлары.
Мектеп бағдарламасына туындылары енген қазақстандық жазушылар оқулық шығаратын баспалардың қаламақыны қалай төлейтіндігіне көңілі толмайтынын айтады. Кей туындылардың авторлары өз интеллектуалдық меншігінің қаламақысына жылдар бойы көк тиын да алмағаны белгілі болып отыр.
Қаңтар оқиғасы туралы "Қайталанбасын" фильмі жарыққа шықты. Туынды дүрбелеңнің қалай басталғанын көрсетпейді, Қаңтарда оққа ұшқандар туралы айтпайды. Продюсер Анар Жүнісова 2022 жылы түсірілімі басталған фильмге кім демеуші болғанын ашық айтпай келеді.
Ресей президенті Владимир Путин елдегі ұзаққа созылған демографиялық дағдарысқа байланысты 2024 жылды отбасы жылы деп жариялады. Жыл бойы аборт, ажырасу мен баласыз өмірді насихаттауға қарсы заңдар қабылданды.
Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін түсірілген видеолардан құлаған ұшақтың құйрығында диаметрі әртүрлі тесіктер бар. Бұл әлдебір сырттан келген "атыс элементтерінің ізі" деген болжам айтыла бастады. Бұл қаншалық рас?
Сирияның экс-президенті Башар Асадқа қарсы топтар небары 11 күнде солтүстіктен оңтүстікке еш кедергісіз жылжи отырып, Алеппо, Хама және Хомс сияқты ірі қалаларды ұрыссыз алды десе болады. Содан кейін Дамаскіге кіріп, елді жарты ғасырдан астам уақыт басқарған Асад әулетінің режимін биліктен тайдырды.
НАТО-ның есебінше Ресей Украинадағы соғыста 700 мың адамынан айырылған. Қазір Ресей әскері күніне 1500 адамынан айырылатыны айтылды. Ал Украина майдан шебіне жақын ауылдарға көлікпен ақша жіберіп жатыр.
Павлодар облысында алтын кенішінде автобус құлағанда қаза тапқан құтқарушы Олег Тышкевичтің қызы әкесі жұмыс істеген авариялық-құтқару қызметімен соттасып жүр. Мекеме қаза тапқан қызметкерінің туыстарына төрт миллион теңге ұсынған. Марқұмның отбасы бұған үзілді-кесілді келіспей отыр.
Мәскеуде орыс оппозиционері, жемқорлықпен күрескер, Ресейдің солтүстік қиыр шетіндегі түрмеде қаза тапқан Алексей Навальныйды жерлеу рәсіміне адам көп жиналды. Билік Навальныйдың отбасына марқұмның сүйегін бермей бір аптадан астам уақыт зарықтырды, саясаткермен жұрттың қоштасуына бөгет қойды.
Юлия Навальная түрмеде көз жұмған күйеуі, оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың ісін жалғастыратынын мәлімдеді. Ол бұған дейін көбіне екі баласының тәрбиесіне көңіл бөліп, күйеуінің басты қолдаушысы болып келген еді.
Қазақстан 124 азаматын Израильден арнайы ұшақпен елге жеткізді. Бірақ ХАМАС террор тобының тұтқиыл шабуылынан кейін соғыс жағдайына көшкен елде әлі де жүздеген қазақстандық бар. Кейбіреуі әзірге сонда қала тұруды жөн көрген. Настоящее Время арнасы қазір Хайфа қаласында тұрып жатқан қазақстандық Ақмарал Рақымжановамен сөйлескен еді.
Тағы