Динара Тілеубек Азаттыққа 2019 жылдан бері жазады. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдаған. Бұрын республикалық басылымдар мен телеарналарда жұмыс істеген. Автормен оның Facebook парақшасында пікірлесуге болады.
4 жасар Алла — Ксения Сартаеваның ортаншы баласы. Ксения қызында аутизм барын 1 жас 7 айында бір-ақ білген. Қазір ол ерекше балаларды өмірге бейімдеуге көмектесетін орталық ашуға талпынып жүр. "Бала өзін жалғыз сезінбеуі керек" дейді Алланың анасы.
Шымкентте Қаңтар оқиғасында қаза тапқан адамдардың туыстары қан төгілген алаңға жаңа жыл мерекесіне арнап шырша тігуге қарсылық білдірді. Аудан әкімі наразылар талабын түсінгендей болды, жиналғандар билікке шыршаны алып тастауға екі күн уақыт берді.
Шымкентте балалары Қаңтар кезінде оққа ұшқан бір топ ата-ана бүгін қала әкімдігі алдында жиналды. Олар "балаларымыздың қаны төгілген алаңға шырша қоюға қарсымыз" дейді. Наразылар президент Тоқаевқа да хат жазды.
Қытайда оқыған қазақ жастары "Қытайдан төнетін қауіп теориясына" сене ме? Олар неге Қытай экспансиясынан емес, Қазақстан билігінен көбірек қауіптенеді? Қазақ-қытай байланысы жайлы ақпаратты ашық жариялауға не кедергі? Азаттық саясаттанушы Жәнібек Арыновпен сөйлесті.
Қазақстанда мемлекеттен көмек алатын адамдар – "жатыпішер" деген пікір қалыптасқан. Human Rights Watch ұйымы сарапшылары әлеуметтік қорғау жүйесіне мемлекет жауапты, үкімет өз міндетін дұрыс атқарып отырған жоқ деп есептейді. Құқық қорғау ұйымы Қазақстандағы жағдай туралы көлемді есеп жариялады.
Шымкенттегі City Shopping Gallery орталығында фотограф Әйгерім Бегімбет пен журналист Жанерке Хумардың “Түркістан әйелдері” атты фотокөрмесі ашылды. Көрмеге Түркістан облысында ауыр еңбекпен айналысатын ондаған әйелдің хикаясынан сыр шертетін суреттер қойылған.
Шымкент қалалық аппеляциялық соты Қаңтар оқиғасына байланысты "Жаппай тәртіпсіздік" бабымен сотталған белсенділердің үкімін өзгертпеді. Соттан соң белсенінің туыстары наразылық білдіріп, арнайы жасақпен жанжалдасып қалды.
44 жастағы Ботагөз Аймұхановаға былтыр сол жақ омыраудың қатерлі ісігі диагнозы қойылған. Содан бері сегіз рет химиотерапиядан өткен. Шашы мен тісі түскен. Ботагөз бала күнгі арманын орындап, ән айта бастағанда халі жақсарғанын айтады.
Қазақстандық бір топ жас жұрттың құқықтық сауаттылығын арттырып, көшеде, бейбіт митинг кезінде полициямен бетпе-бет келгенде өз құқығын қорғауға көмектесетін Qaltada мобильді қосымшасын жасап шығарды.
2019 жылы Қазақстан жастары саяси тұрғыдан “оянып”, билікке нақты талаптар қойып, өз құқықтары мен бостандықтары үшін белсенді күрес жүргізді.
Билікке қарсы наразылыққа шығып, ұсталған актрисаның хикаясы.