2021 жылы мемлекеттік стратегия негізінде Астанада спорт академиясы құрылды. Ал биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мұрындық болуымен жасанды интеллект саласында жаңа бір университет ашылды. Екеуіне де мемлекетпен бірге президенттің туысы 23 жастағы Нұрасыл Медеу иелік етеді.
HRW ұйымы зорлық-зомбылыққа қатысты Қазақстан билігіне сын айтты. Қазақстанда орналасқан хакерлер Ресейдің мұнай зауытына шабуыл жасаған ба? АҚШ пен Украинаның қарым-қатынасы күрделеніп барады.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио 17-22 қазан аралығында Өзбекстан мен Үндістанға бармақшы. Ол әуелі Өзбекстанның Самарқанд қаласына ат басын тіреп, аймақтағы бес мемлекеттің министрлерімен бірге C5+1 форматындағы кездесуге қатысады. Бұл самиттің аймақ елдері мен Вашингтонға маңызы қандай?
Үкімет Қазақстан экономикасына үш түрлі болжам әзірлеп отыр. Қастандықтан көз жұмған Айдос Садықовтың жесірі Варшавадағы жиында баяндама жасады. Ресей Украинаны атқылады. Иранда құқық қорғаушы қамалды. Рим папасы қатерлі ісіктен айықты.
Қазақстанда мемлекеттік және квазимемлекеттік компаниялар мердігерлермен жасалған келісімшарттарында "дау туған жағдайда қазақ тілінен орыс тілі басым болатынын" атап жазғанын тіл белсендісі Жалғас Ертай көтерді. Бұл жайт Конституцияға қайшы емес пе? Азаттық ресми органдарға хат жолдап, жауап алды.
Мәселені тіл белсендісі Жалғас Ертай көтерді. Мұндай факт Конституцияға қайшы емес пе? Азаттық ресми органдарға хат жолдап, жауап алды. Мән-жайды түсіндірейік.
Кезектен тыс мәслихат сайлауы 29 қарашаға белгіленді. Хуситтер Сауд Арабиясын атқылады. Қазақстан билігі азаматтарына үндеу жасады. Әзербайжанда мектепте хиджаб киюге тыйым салуға қарсылар наразылыққа шықты.
13 қазанға қараған түні Ресей Украина қалаларына тағы жаппай шабуыл жасады. Харьковта көпқабатты үйдің бір бөлігі қирап, кемінде үш адам қаза тапты. Киевте 25 қабатты үйге соққы тиіп, екі адам мерт болды. Дрондар Львов облысына да жетті.
Украина Ресейдің "Яндекс" дата орталықтарына шабуыл жасап, Қазақстанда "Яндекс-такси" қызметі кідіріп қалды. "Яндекстегі" ақауға жұрт не дейді?
Украина шабуылынан соң "Яндекс" Қазақстанда да жұмыс істемей қалды. | Қазақстанда "Яндекстің" орнын алмастыратын өзге өнім жоқ па? | АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемелері түрлі пікірге себеп болды.
Йемендік хуситтер Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы халықаралық әуежайға қазанның басынан бері үш рет шабуыл жасады. 10-11 қазандағы шабуылдардан кемі 14 адам қаза болып, жүздегені жараланды.
11 қазанда АҚШ президенті Трамп «Ресей мен Украина энергетикалық бітім жасасты» деп мәлімдеді. Бірақ бұл келісімнен Киев хабарсыз болып шықты. Ал өткен аптаның соңында Трамп Ресейден миллион тоннадан астам дизель сатып алатынын жариялаған. Бұл келісімді Украина президенті Зеленский сынға алды.
Ресейдің Украинаға шабуылы үдеп барады. Соңғы екі күнде кемі 70 адам мерт болды. ТМД елдері басшыларының сммитінде Қазақстан президенті тағы да орыс тілі туралы айтты. Нобельдің бейбітшілік саласындағы сыйлығы оңтүстік африкалық құқық қорғаушыға берілді.
8-9 қазанда Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылдарынан 70-тен аса адам қаза тауып, 200-ден аса кісі жараланды. Жапа шеккендер мен марқұмдар арасында балалар бар. Қыс жақындаған сайын Ресейдің энергетика нысандарына жасаған шабуылдарынан Украина жарық пен жылусыз қала ма деген қауіп күшейіп отыр.
Ресей әуе күштері Путиннің туған күнінде Украинаның бірнеше қаласына ауыр соққы жасады. Қаза тапқандар әдепкіден әлдеқайда көп. Ал Украина тарабы Рязань облысындағы «Яндекс» компаниясының дата орталығын нысанаға алды.
Ресейдің Украинаға соғысына қарсы шығып танылған діни қызметкер Алматыда 4 жылға сотталды. | Зерттеу: "Өзбекстан президентінің күйеубаласы жасырын түрде БАӘ азаматтығын алған". | Нидерланд компаниясы бірнеше дронды бір жүйеден оңай басқаратын бағдарлама жасап шықты.
Британдық Guardin басылымы БҰҰ Бас хатшысы қызметіне ықтимал бейресми үміткерлер арасында Қасым-Жомарт Тоқаевты атады. Әзірге негізгі үміткерлер арасында қауіпсіздік кеңесінің мақұлдауын алған кандидат жоқ. Бұл процесс тығырыққа тірелсе, бейресми үміткерлер алға шығуы мүмкін.
Тағы