Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Мәжіліс бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке өзіне арналған «Тұңғыш президент – Елбасы» заңындағы кейбір құзіретін қысқартты. Қарсы болған, қалыс қалған ешкім жоқ. Президент әкімшілігінен күні кеше ғана мәжіліс сипкерілігіне келген Ерлан Қошанов «депутаттардың ендігі міндеті қазіргі презид
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына байланысты мемлекеттік телеарнаға сұхбат берді. Сұхбатта президент түрмедегі азаптау туралы арыз-шағымдарды «асыра сілтеу» деп бағалады және оқиғаны халықаралық сарапшылардың тергеуіне жол бермейтінін айтты.
Қазақстанда қаңтар оқиғасы тұсында Қауіпсіздік кеңесі презиент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолына өткен соң мәжіліс "Тұңғыш президент – Елбасы туралы" конституциялық заңға өзгеріс енгізді. Назарбаевты кеңесті өмір бойы басқару құқығынан айырған депутаттар оның өзге артықшылықтарына әзірше қол тигізбеді.
19 қаңтарда Қазақстанда төтенше жағдай режимі аяқталса да бірнеше қаласында қауіпсіздік күшейді. Жолдар жабылып, көшеде полиция көбейді. Қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов қаңтар оқиғасына байланысты митингіге шақырған. Бірақ митинг өтпей қалды.
Қазақстанда қаңтардың басында болған тәртіпсіздіктерден кейін 7 қаңтарда президент Тоқаев әскерге «ескертусіз оқ атуға» бұйрық берген. Халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдары Тоқаевқа бұл бұйрығынан дереу бас тартуға шақырған еді. Осы күндері Азаттық радиосына жақыным әскерилердің қолынан қаза тапты, жараланды деген хабар жиі түседі. Депутаттардан "әскерилердің қолынан қаза болған қарапайым азаматтардың өліміне кім жауапты?" деп сұрадық.
Қазақстанда бұрынғы президенттің ескерткіші құлатылып, аты мен сөзі жазылған баннер жұлынған соң ел астанысының Нұр-Сұлтан атауын өзгертуді талап еткен петиця жарияланды. Оған қол қойғандар екі жүз мыңнан асты. Билік тұрғындардың бұл талабына байланысты әзір ештеңе айтпай отыр.
Қазақстанда қаңтардағы наразылықтан кейін президент пәрменімен құрылған қоғамдық қорға 12 млрд теңге түскен. Ресми дерекке сәйкес, 17 қаңтарда ел халқы ұйым шотына 10 млн теңге аударған. Ал бірнеше күн бұрын «Қазақстан халқына» деген атау берілген қордың қамқоршылық кеңесі бекіді.
Қазақстанды отыз жыл басқарған Нұрсұлтан Назарбаев елдегі қаңтардағы оқиғаларға байланысты ешқандай мәлімдеме жасамады. Оның қайда екені де белгісіз. Азаттық мәжіліс депутаттарынан «Назарбаев дәуірі аяқталды ма?» деп сұрады.
Қазақстанда жаңа үкімет жасақталды. 5 қаңтардан бері премьер-министрдің міндетін уақытша атқарып келген Әлихан Смайылов премьер болды. Алайда елдегі саяси жүйенің түгел жаңаруын талап еткендер "өзгерген ештеңе жоқ" дейді.
Қазақстанда төтенше жағдай енгізілгелі елде интернет шектелген. Осының салдарынан мобильдік банкинг істемей, жұрт әбігерге түсті. Банкоматтарда ақша жоқ. Барының алды ұзын-сонар кезек. Есеп айырысу қиындаған соң тұрғындар үй маңындағы дүкен-дәріханаларға қарызданып жатқанын айтады.
Парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты Серік Әбдірахманов Азаттыққа Қазақстандағы төтенше жағдай туралы сұхбат берді. Экс-депутат тәртіпсіздікті Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған дейді. Ол сондай-ақ осы жағдайдан кейін саяси реформа қажетін айтады.
Парламент мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы елде боп жатқан оқиғалардан сабақ алып, саяси реформа жасау керек деген пікірде. Ол 5 қаңтарда Алматыда болған тәртіпсіздіктерден соң Қазақстан саяси дағдарысқа ұшырау алдында тұр дейді.
Азаттық радиосын «елбұзар» деп айыптаған Бекболат Тілеухан депутат мандатын тапсырып берді. Орталық сайлау комиссиясы оның «өз еркімен» кеткенін айтты. Парламенттегі әріптестерімен қоштасып, журналистердің алдына келген экс-депутат бір тілшімен жұлысып қалды.
2021 жыл Қазақстанда саяси белсенділер түрлі себеппен жиі қудаланды. Бұған алаңдайтынын айтқан Еуропарламент депутаттары президент Қасым-Жомарт Тоқаевты сынады. Халықаралық рейтингтерде де Қазақстан ілгері жылжыған жоқ.
Биыл Қазақстанда азық-түлік қымбаттап кетті. Саудагерлер сөзінше, баға күн сайын құбылғандықтан, сауда-саттық та азайған. Жұрт тауарды бұрынғыдай емес, шақтап алуға көшкен.
Қазақстанда "Жануарларға жауапкершілікпен қарау" туралы заң қабылданды. Сенат мақұлдаған заң жобасына енді президент қол қоюы тиіс. Зообелсенділер жаңа заңның олқы тұсы көбін айтып, президенттен вето жариялауды талап етеді.
22 желтоқсанда ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашөкеев бейбіт шеру өткізбек болған шаруаларды министрлікке шақырды. Қазақстанның бірнеше өңірінен келген қырықтан көп адам мал шаруашылығына бөлінетін субсидияның аздығын, жайылым жер мен мал азығының тапшылығын шешіп беруді талап етті. Маңғыстаулы
Зардап шеккендердің "шындық ашылмады" деген күдігі жиі айтылса да парламентте 10 жыл бұрынғы Жаңаөзен оқиғасы бүгін де талқыланған жоқ. Полиция оғынан көз жұмған 17 адамды есіне алған ешкім болмады. Ал журналистермен жеке кездескенде кейбірі "полицияның қылмысы", "құпия ақпарат" деген сөзді айтады.
Қазақстанда зейнетақы қорында қалуы тиіс қаражат мөлшерінің екі есеге жуық ұлғаюына наразы азамат көбейді. Кейбірі еңбек министрлігі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын сотқа беріп жатыр. Депутаттар да бұл жаңа өзгеріске қарсылық білдірген.
Еуропа парламентінің депутаттары Қазақстан билігінің адам құүқығына байланысты саясатын тағы сынады. Кейбірі "президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "еститін үкімет" концепциясы іске аспай отыр" деді.
Тағы