Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Нұр-Сұлтанда кран басында отыратын ондаған адам жұмыстың қауіпті екенін айтып наразылық білдірді. Биікке күн сайын шығып, тәуекелге баруға мәжбүр екенін айтқан олар жалақыны да көтеруді талап етеді.
Биыл Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толады. 1986 жылы Алматының орталық алаңында наразылыққа қатысқан кейбір азамат билік желтоқсаншыларға уәде еткен әлеуметтік көмегін әлі бермеді дейді. Олар арыз-шағымдарын хатқа түсіріп, президентке тапсырды.
Диссидент Арон Атабектің қайтыс болуына байланысты халықаралық ұйымдар мен беделді сарапшылар реакция білдірді. Кейбірі көңіл айтуымен қатар Қазақстан билігінен түсініктеме талап етті.
Нұр-Сұлтанда 25 қарашаға қараған түні қалың қар жауып, қаладағы қозғалыс шектелді. Шағын көшелер тазартылып үлгермей, жұмысқа кешіккендер көп болды. Әуежай жұмысын уақытша тоқтатып, бірнеше рейс кейінге шегерілді. Гидромет орталығы бір күнде айлық жауын-шашын түскенін айтты.
18 қарашада Нұр-Сұлтанда елдің әр өңірінен келген малшылар құрылтай өткізді. Құрылтайда жем-шөптің бағасы, жайылым жер мен су жетпейтіні, субсидия мәселесі көтерілді. Шаруалар Маңғыстау өңірінде ахуалдың қиындап тұрғанына баса назар аударды.
Премьер-министр Асқар Мамин үкімет басына келгелі үш жарым жылдан бері бірінші рет журналистерді шақырып, сұхбат берді. Жиынға тәуелсіз журналистер шақырылмады.
15 қарашада Қазақстан теңгесінің айналымға енгеніне 28 жыл болды. Осы жылдар ішінде ұлттық валюта үздіксіз құнсызданып келеді. Әуелде бірнеше тиынға бағаланған заттардың құны он, кейбірі жүз есе қымбаттаған.
Қазақстанда оқитын ауғанстандық студенттер оқуларына жете алмай отыр. Оқу басталғанына үш ай болса да кейбірі әлі сабаққа бармаған. Азатыққа Ауғанстаннан хабарласқан студенттер виза алу қиындық тудырып жатқанын айтады.
Халықаралық ұйымдар айтқан аштық пен жоқшылықты Ауғанстанда тұратын қазақтар да бастан өткізіп жатырмыз дейді. Олар Қазақстан үкіметінен қыс түспей елге алып кетуді сұрайды.
Нұр-Сұлтанда еңбек министрлігінің алдында мүгедек адамдар тағы да наразылық білдірді. Жәрдемақы, баспана мен құқық туралы арыз-шағым айтқан тұрғындар үкіметтің мейіріміне мұқтажбыз дейді.
17 қазан – Дүние жүзінде кедейлікпен күрес күні. Қазақстан билігі соңғы екі жылда елдегі кедейлердің санын екі жарым есе азайтқанын айтады. Бірақ ішіп-жемге мұқтаж тұрғындарға көмек берумен айналысатын ұйым "жәрдем сұрайтындар көбейіп кетті" дейді.
Нұр-Сұлтанда экобелсенділердің қарсылығына қарамастан Кіші Талдыкөлді көму тоқтамады. Экология министрі судың бәрі емес, жартысынан астамы құрғатылады дейді. Ал топырақ төгіп жатқан құрылыс компаниясының жұмысы қарқынды жүріп жатыр.
Тіркелмеген "Демпартия" белсенділері Нұр-Сұлтанға барып, несие амнистиясын талап етті. Олар "халықты қарызға батырды" деп үкіметті айыптады және "бұрынғы, қазіргі президенттер биліктен кетсін" десті.
Қазақстанда журналистерге арнайы мәртебе беру мәселесі талқыланып жатыр. Кейбір журналист депутаттың бастамасын құптап, қуанды. Бірақ арнайы статус журналистер еркіндігін шектеп, қызметіне кедергі келтіреді дейтіндер де бар.
4 қазан күні кешке қарай әлемде Facebook пен оның Instagram, WhatsApp сынды қосымшалары ашылмай қалды. Бір өзінде ғана екі миллиард қолданушысы бар Facebook алты сағат істемей тұрды. Компания бұның себебін амалсыз өзімен бәсекелес желілерге жазып жатты.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "үшінші әйелі" делінетін Әсел Құрманбаеваның оффшордағы компаниясы туралы жазылған "Пандора құжаты" зерттеуіне қазақстандық депуттаттардың кейбірі сенбейді. Кейбірі құжатты әлі оқымағанын айтады.
Құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп таныған диссидент Арон Атабектің ауруханада жатқаны хабар тарағалы бір күн өтсе де ресми органдардан әлі жауап жоқ. Ал қоғамда оған бостандық талап ететіндер көп. Рақымшылық жасалатындар тізіміне диссидент ене ме? Сұрақтарға депутаттар жауап берді.
23 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда Қытай елшілігі алдынан ұсталып, сотталған 10 адам айыппұл төлеу қиын екенін айтады. Бірақ "Қазақстан соты қанша соттаса да Шыңжаңда саяси қуғын-сүргін көріп, түрмеге қамалған туыстарымыз бостандыққа шықпаса қарсылық акциясын үзбейміз" дейді.
Қазақстан елшісі "Талибан" ұйымының өкілімен кездесті. Екі тарап кездесу жөнінде екі түрлі ақпарат таратты. Қазақстан сыртқы істер министрлігі ресми хабарламасында "Талибан" дейтін сөз қолданбады. Бұл ұйымды Қазақстан соты 2005 жылы "экстремистік қозғалыс" деп танып, ел аумағында қызметін шектеген.
Тағы