2 қыркүйек күні Жетісу облысы Үштөбе қаласында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі, жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойы өтті. Президенттің ұлы мен қарындасы басқаратын қор ұйымдастырған тойда палуандарға, бәйгеден келгендерге, асық иіріп, садақ атқандарға қомақты жүлде табысталды.