"Тоқаевтың барлық ісіне қуана алмаймын". Назарбаев мемуарында не айтты?
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Менің өмірім. Бодандықтан - бостандыққа" атты мемуары жарық көрді. Ол 700 бетке жуық кітабында саяси қызметі, қаңтар қырғыны, оппозиция өкілдері, сотталған туыстары туралы жазған және тоқал алғанын, одан екі ұл туғанын алғаш рет ресми мойындаған.