Азаттықтың Батыс Қазақстан облысындағы тілшісі.
Батыс Қазақстан облыстық гуманитарлық академиясының шет тілдері факультетін тәмамдаған. "Уральская неделя" тәуелсіз газетінде жұмыс істеген.
Қазақстанда ресейлік нөмірі бар көлік жүргізушілері бірнеше қалада наразылық білдірді. Арыз-шағымдарына қарағанда, соңғы күндері полиция оларды жаппай тексеріп, айыппұл салып, көліктерін алып кетіп жатыр. Бұны наразылар биліктің қарапайым халыққа көрсетіп отырған қысымы деп бағалайды.
Қазақстанда азаматтық белсенділер бастаған аштық акциясы бір аптадан бері жалғасып жатыр. Наразылар Нұр-Сұлтан сотының "Көше партиясы" мен "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалыстарын "экстремистік ұйым" деп тану туралы сот шешімінің күшін жоюды, қудаланған белсенділерді босатуды талап етеді.
Қазақстанда "саяси тұтқындарға бостандық талап етіп" аштық жариялап жатқандардың қатары көбейді.
Қазақстанда бір айда бензин бағасы шамамен он пайыз қымбаттады. Жанармай бағасының өсуі елдегі барлық қалада байқалды. Бұған жұрт наразы. Ал экономист мұның жалпы нарыққа әсері тиеді деп отыр.
Орал қаласының кәсіпкерлері сенбі күні сауда орындарын ашуды сұрап, наразылық білдірді. Олар карантин кесірінен табыстан қағылғанын, қарызға батып жатқанын айтады. Ал облыстың бас санитар дәрігері коронавирус қаупіне байланысты қабылданған қаулыны өзгерте алмаймын дейді.
Оралдық 38 жастағы Ерік Жұмабаев саяси реформалар талабымен қала орталығында бірнеше рет наразылық акциясын өткізді. Өзгенің көмегіне мұқтаж, мүгедек арбасымен жүретін белсенді "қайта-қайта" пикетке шығуға әзір екенін айтады.
Орал тумасы Мария Ковалева үш жылдан бері Испанияның Валенсия қаласында тұрады. Ол тәуелсіз басылымдағы журналистік жұмысының елден кетуіне қалай себеп болғанын, шетелдікке Испаниядағы өмірге үйренудің қандай қиындықтары барын және Отанына неге оралғысы келмейтінін Азаттыққа айтып берді.
Атырауда жаппай балық қырылғаннан кейін жыл өткенде жергілікті билік өзен суы тазарып, балық саны қалпына келгені жайлы есеп берді. "Қоршаған ортаға ірі көлемде зиян келтіру" ісі бойынша басталған сот процесі де аяқталуға жақын. Сарапшылар мен жергілікті тұрғындар өзенде балық азайғанын айтады.
Бриджит Бардо халықаралық қорының өкілдері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жазған хатында елдің батыс өңірінде жануарларға қатыгездік таныту жиі қайталанатынын айтқан.
Батыс Қазақстан облысы Березовка ауылында болған жаппай улану оқиғасынан бері бес жыл өтсе де, басқа жерге көшірілгеніне қарамастан, балалар мен жасөспірімдер оның зардабын әлі тартып келеді.
Қарашаның 18-і күні Орал қаласында патрульдік полицияның көлігі бір қызды қағып кетті. Медицина колледжінің түлегі зардап шеккен оқиға туралы жергілікті блогер хабарлады. Оқиға жайлы айтқан блогерге «полиция талабына бағынбады» деген айып тағылды.
Анна Фролова 17 жаста. Ол колледжде өзі ұнатпайтын және қажетсіз көретін «ЭЕМ операторы» мамандығында оқиды. Оқудан бөлек, Аня вокалмен айналысады, бисерден бұйымдар тоқиды және биге қатысады.
Орал қаласының шеткері аудандарында мыңдаған адам қыста тұруға жарамайтын саяжайдағы үйлерде тұрады. Кей саяжайларда газ, асфальт пен су құбыры жоқ. Бірақ бұл – олардың тұрғын үйге қол жеткізудің жалғыз амалы. Қала билігі заңдардың жоғын айтып, жағдайға ықпал ете алмайтынын айтады.