Орал мен Шымкент белсенділері де "саяси тұтқындарды" босатуды талап етіп, аштық жариялады
Қазақстанда "саяси тұтқындарға бостандық талап етіп" аштық жариялап жатқандардың қатары көбейді. Өткен жексенбі күні Алматы бастап, Нұр-Сұлтан қостаған акцияны Орал мен Шымкент белсенділері де жалғастырып жатыр. Талап азаматтық белсенділерді қудаламау және "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) мен "Көше партиясы" қозғалыстарын "экстремистік ұйым" деген сот қаулысының күшін жою.