Былтыр Өзбекстан мен Тәжікстан автономиялы облыстарындағы наразылықты күшпен басты. Қуғын-сүргін кезінде ондаған адам қаза тауып, жүздеген адам қамауға алынды. 2022 жылғы мамыр мен шілдеде болған оқиғалардан ең көп зардап шеккен топ – азаматтық белсенділер.
Өткен аптада Мәскеудегі жеңіс парадына Орталық Азиядан Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қана қатысады деп айтылған еді. Бірақ шараға аз уақыт қалғанда өңірдегі басқа басшылар да баратыны белгілі болып, Кремльдің қысымы туралы айтыла бастады.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстандағы ең ықпалды саясаткерлердің бірі болған Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 18 жылға сотталды. Билік Қаңтар қырғыны үшін бар кінәні қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысына аудара салды ма?
Түркіменстанда азық-түлікті арзан бағамен тарату жүйесі тоқтайды. Ашғабат халқы бірнеше айдан бері дүкен сөрелерінен субсидияланған азық-түлік түрлерін таба алмай отыр.
Келесі айда Өзбекстан халқы жаңа конституцияға дауыс береді. Бұл өзгеріс президент Шавкат Мирзияевтың билігін 2040 жылға дейін ұзартуы мүмкін. Бірақ мемлекет референдум туралы үгіт-насихатында басқа конституциялық өзгерістерге мән беріп, президенттің құзыретін ұзарту туралы көп айта бермейді.
Осы жексенбіде Қазақстанда өткен парламент сайлауынан не түйдік? Өзгерістен үміт бар ма? Қазақстанда саяси бәсеке артып, саяси плюрализмге жол ашыла ма?
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресейдің Украинаға басып кіруінен аяқ тартып қалса да, әлі Мәскеудің дегенінен шыға алмай отырған Орталық Азияға алғаш рет ресми сапармен келді. Ол демократиялық реформалары авторитар тенденциялармен аяқталған қос мемлекет – Қазақстан мен Өзбекстанға тоқтайды.
Кремльге жақын институт Ресей Украинаға басып кіргелі Мәскеуге "достық және қастық пиғылдағы көршілер арасы алыстап барады" дейді. Басқыншылықты қолдаған Беларусь достар тізімін бастаса, былтырғы "үздік" Қазақстан биыл "құбылмалы" елге айналған.
Азаттық миллиардер Тимур Құлыбаев басқаратын компаниялар Алматының қымбат ауданындағы бұрын мемлекет иелігінде болған жерді иеленіп отырғанын анықтады.
Қарақалпақстандағы былтырғы наразылық қантөгіспен аяқталды. Өзбекстандағы автономиялық аймақта болған бұл оқиғадан кейінгі сот процесін бақылағандар құзырлы орган қызметкерлері арасынан жазаға ешкім тартылмағанын айтады.
Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекара келісімі қос мемлекеттің әріптестігін дамытуға негіз бола алады. Бірақ Қырғызстанда бұл келісімге күмәндана қарайтындар да бар.
Тағы