Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Астанадағы жұрт "Үнді кварталы" деп атайтын маңда жүздеген адам жылдар бойы көмір жағып, су тасып күн көріп жатыр. Кәрізге қосылмаған үйлер жуынды-шайындыны көшедегі арыққа төгеді. Әкімдік ескі үйлерді күреп, халықты басқа жаққа көшіретінін айтқан. Бірақ ол қай кезде іске асатыны белгісіз.
Қазақстан президентінің жарлығымен мемлекеттік БАҚ-та істейтін алпыстан аса журналиске пәтер таратылды. Сыйлықты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы мен ақпарат министрі Дархан Қыдырәлі табыстады. Азаттық министрден «Бұл биліктің журналистерді уысында ұстау амалы емес пе?» деп сұрады.
Көкшетауда жергілікті билікті сынап, түрлі мәселені көтеріп жүрген белсенді ұсталды. Полицияның хабарлауынша, 40 жастағы Мәлік Ахметқалиев «заңсыз есірткі сақтады» деген күдікке ілініп, сотқа дейінгі тергеу басталған.
Астанаға келген Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде Ресейге салынған санкцияларды айналып өту мәселесін, Кремльдің Украинамен агрессиялық соғысын талқылағанын мәлімдеді.
18 маусым күні Астанада банк бөлімшесіне басып кіріп, адамдарды кепілге алды деген азамат 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ішкі істер министрінің сөзінше күдікті бұған дейін де екі рет істі болып, сотталған.
Астанада Кіші Талдыкөл мүлде тартылуы мүмкін. Тұрғындар қанша күрескенімен сот көлдердің біреуін ғана сақтап қалуға шешім шығарған. Шешіммен келіспеген тұрғындар Жоғары сотқа шағымданды.
"Бюджет ақшасын жымқырды" деп айыпталып жатқан бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бүгін соттағы соңғы сөзін айтты. Ол ешбір айыпты мойындамайтынын мәлімдеді. Онымен бірге істі болып жатқандар да өздерін құрбан деп сипаттады.
Мәжіліс "Заңсыз алынған активтерді қайтару туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жолдады. Алғашқыдай емес, екінші оқылымда заң талқыға түспеді.
Абай облысындағы орман өртіне байланысты көшірілген бірнеше ауылдың тұрғындары қазір Семей қаласында колледж жатақханасында тұрып жатыр. Олар қораларында қалған мал-мүлкіне алаңдайды.
Еуразия ұлттық университетінің профессоры, биология ғылымының докторы Райхан Бейсенова Қазақстандағы өрттің зардабы ұзақ жылға созылады дейді. Оның сөзінше, егер экожүйеге тұрақты қамқорлық жасалса, ол 20 жылдан соң қалпына келеді, егер өз бетімен қалдырса, бұл процесс 150 жылға созылады.
Абай облысында өрт қаупі әлі сейілмей тұр. Төтенше жағдайлар министрі ахуал бақылауда деді. Десе де, ыстық күн мен желдің екпіні кез келген уақытта жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін.
Бірақ шаруа аяқталғанда жұмысты үйлестірген «Қоянды тазалық» мекемесі айлықты төлемеген. Бұған кәсіпкердің тендерден ұтылып қалғаны себеп болған.
Александр Лукашенко Қазақстанды Ресей-Беларусь одағына қосылуға шақырып, ядролық қару ұсынды. Бұл – оның президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "екі елге ядролық қару да ортақ" деген Мәскеудегі мәлімдемесіне берген жауабы. Ресей телеарнасы арқылы айтылған ұсынысты Тоқаев қабыл алмады.
Жаңаөзенде тұрақты әрі жалақысы жоғары жұмыс талап еткен мұнайшылардың ереуілі әлі басылған жоқ. "БерӘлі Маңғыстау Company" мекемесі 14 мамырда 80 мұнайшы жұмысқа орналасқанын мәлімдеген. Бірақ ереуілдеушілер мұны жоққа шығарды.
Ресейлік "Росатом" корпорациясы Қазақстандағы Степногорск тау-химия комбинатының акционерлер құрамына кіргені белгілі болды.
Астанада әскер жасына жеткен бозбалаларды көшеден ұстап әкетіп жатыр. Бұл әрекет ата-аналарды алаңдатып отыр. Ал әскери комиссариат өкілі ұстап әкетуді әскерге барудан жалтарғандарды жинау тәсілі деп түсіндірді.
Астанада танымал марафоншы Марат Жыланбаевты полиция ұстап әкетті. Оны бір күнде екі рет сотқа тартып, 20 тәулік әкімшілік қамауға алды. Наурыздың ортасында Жыланбаевтың серіктерімен бірге "саяси тұтқындарға" бостандық талап етуін сот заңсыз деп тапты.
Қазақстанда 1 мамырдағы митинг қарсаңында екі белсенді қамалды. Жаңаөзен, Ақтау, Қостанай қалаларының әкімдіктері митингіге келісім бермеген. Астанада әкімдіктен рұқсат ала алмаған белсенді жергілікті биліктің уәжін "саяси өтірік" деп атады.
Батыс санкция салып, Ресейге экспортын шектеген тауарлар үшінші елдер арқылы жөнелтіліп жатыр. Астанаға келген АҚШ, Еуроодақ пен Ұлыбританияның ресми өкілдері бұл елдердің қатарында Қазақстан да бар дейді. Ал Қазақстан билігі Ресейге санкцияны айналып өтуге жол бермейміз дегенді қайталап келеді.
Тағы