Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Астанада Петропавл тұрғыны кранға шығып, наразылық акциясын өткізді. 48 жастағы Руслан Мұстафин жергілікті әкімдіктің заңсыз әрекетінен иелігіндегі жер телімінен айырылып қалғанын айтты.
Қазақстандық Марғұлан Бекенов Ресейдің "Вагнер" әскери тобы қатарында Украинаға қарсы соғысып жүр.
Азаттық сөйлескен жұмыссыз мұнайшылар өкілі келіссөз қорытындысына разы емес. Екі тарап неге келісімге келе алмады? Келіссөз қалай өтті? Азаттық тәуелсіз кәсіподақ жетекшісі Құспан Қосшығұловпен сұхбаттасты.
Миллиардтаған активі бар QazaqGaz ұлттық компаниясының басшысы экс-төраға тұсында «былық көп болды» дейді.
Астанада бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот отырысы басталды.
Астанада Жаңаөзен мұнайшылары мен "Қазмұнайгаз" арасындағы келіссөз жалғасып жатыр. Мұнайшылар әлеуметтік пакеті толық қамтылған, еңбек демалысы бар, ұзақмерзімді тұрақты жұмыс сұрайды. Ұлттық компания олардың кейбір талабын орындау мүмкін емес деп мәлімдеді.
Маңғыстау мұнайының тарихы Жетібай ауылынан басталады. 1961 жылы мұнда алғашқы мұнай көзі ашылып, қарқынды өндіріле бастады. Жарты ғасырдан аса уақыт өтсе де, кеніш үстінде отырған жұрт жоқшылықтан арылмаған. Таяуда жүзге тарта адам наразылық танытқан Жетібайға Азаттық тілшілері барып қайтты.
Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында бір топ мұнайшы тұрақты жұмыс талап етіп, "Өзенмұнайгаз" компаниясы ғимаратының алдында кешеден бері ереуілге шығып тұр. Сол жерде түнеп жүрген 100 шақты адам мәселе шешілмесе, ешқайда кетпейміз дейді.
Парламенттің бірескен отырысы өтіп жатқанда бір топ адам президент пен депутаттардың қабылдауын сұрап, шағым айтты.
Бұрынғы депутат әрі Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының жетекшісі Зәуреш Батталова мәжілістің сегізінші шақырылымына сайланған депутаттардың кәсібилігіне баға берді. Сарапшы парламент құзыретінің төмендігін айтып, бұл құрамның жұмысына күмәнмен қарайды.
Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат сайлауының нәтижесіне байланысты дау әлі де басылмай тұр. Тәуелсіз кандидаттар мен бақылаушылар бүгінге дейін хаттама ала алмай жүргеніне шағынады. Бірақ Орталық сайлау комиссиясы мұны мойындамайды.
17 наурызда Қазақстанда сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны аяқталады. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру күніне дайындықты пысықтап, есеп берді.
Қазақстан президентін БАҚ өкілдеріне ашық деуге келмейді. Ол үнемі қысқа брифингпен, мемлекеттік арналарға беретін санаулы сұхбаттарымен ғана шектеледі. Ал сайлау, референдум сияқты саяси науқан кезінде ол дауыс беретін учаскелерге билік Азаттық тілшілерін кіргізбей жүр.
Астана қаласында №2 округтік сайлау комиссиясының төрағасы әкімдіктен қысым көріп жатқанын айтып, Азаттыққа шағымданды. Арызданушы Айсара Жолмағамбетованың өзі – "Аманат" партиясының мүшесі. Сөзінше, жергілікті билік өкілі "орныңды босат, бұл – саяси мәселе" деген.
19 наурыздағы мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысатын жеті партия өкілдері 1 наурыз күні мемлекеттік телеарнада дебат өткізді. Әлеуметтік, экономикалық тақырыптарға арналған пікірсайыста Қаңтар оқиғасы, құрбандар өлімінің тергелуі, елдегі адам құқығы мәселелері айтылмады.
19 наурызға белгіленген сайлауға санаулы күн қалды. Үгіт-насихаттың басталғанына да 10 күннен асып кетті. Сайлау қалай сезіліп жатыр? Азаттық кандидаттарды көрдіңіз бе деп тұрғындардан пікір сұрады. Жауапқа назар аударайық.
Құқық қорғаушылар "Масс-медиа туралы" даулы заң жобасын қайта жазып шығуды талап етеді. Бүгін баспасөз жиынын өткізген олар президентке арнайы хат дайындап жатқанын айтты. Олардың сөзінше, заң жобасында журналист құқығын шектейтін норма көп.
Былтыр ғана тіркелген "Байтақ" экологиялық партиясы сайлауалды съезін өткізді. Жас партия мәжіліске 23 адам ұсынбақ. Бірақ атыраулық мүшесі тізімнен өзін таппай, наразылық білдірді. Сөзінше, оның орнына бұрынғы "Нұр Отан" партиясының мүшесі Ирак Елекеевтің ұлы кіріп кеткен.
«Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» (ЖСДП) 19 наурызда өтетін парламент сайлауына үміткерлерін атады. Мәжіліске олар 19 адамды партия тізімімен, тағы 6 адамды бір мандатпен аймақтардан қоспақ. Бірақ партияның сайлауалды бағдарламасы әлі дайын емес.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сенаттың төрағалығына Мәулен Әшімбаевты ұсынып, депутаттар бірауыздан қолдады. Президенттің парламентке келетіні туралы журналистерге алдын-ала хабарламады және жиынға тілшілер кіргізілмеді.
Тағы