Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Венера Жанбаева — астаналық азаматтық белсенді. Мамандығы — аспаз. Күндіз базарда бәліш пісіріп, түнде үйінде тұшпара түйіп сатып, қызын жалғыз жеткізіп отыр. Ол кейінгі бес жылдан бері әділ сайлау өткізу, саяси белсенділерге босату сияқты талаптармен наразылық акцияларына қатысып жүр.
Көп жыл оппозициялық газет шығарып, сол үшін қуғын да көрген Ермұрат Бапи қазір парламент мәжілісінің депутаты болып отыр. Азаттыққа сұхбатында ол парламенттегі жұмысы, азаматтық позициясы, елдегі тәуелсіз медиа және "жаңа" және "ескі" Қазақстан туралы ой бөлісті.
Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауытының бірі — Атырау зауытынан дау шықты. Кәсіпорын әкімшілігі мен жұмысшылар арасындағы кикілжің зауыт директоры мен бас инженердің жұмыстан кетуімен аяқталды. Тараптар президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа кезек-кезек үндеу жолдап, көмек сұрап жатты.
Ақтау мен Жаңаөзен қаласы, Жетібай кенті мен Түпқараған ауданында жүздеген маңғыстаулық азамат талап қойып тұр. Бір топтың ереуіл бастағанына екі айдан асса, басқалары кейінгі бір аптада наразылық білдіре бастаған. Бәрінің талабы ұқсас: бірі — жұмыс, екіншісі еңбек жағдайын жасқартуды сұрайды.
Қазақстанда коммуналдық төлем қымбаттады. Әлеуметтік желіде жұрт жылу, ыстық су, электр қуатына шыққан ақының екі есе өскенін жазып жатыр. Мәселен Астанада былтыр желтоқсан айында коммуналдық қызмет құнына 20 мың теңге төлеген тұрғын биыл қаңтарда ақы 35 мың теңгеге жеткенін айтады.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданындық соты былтыр шілдедегі 5 жасар қыздың өліміне байланысты пробация қызметкері Тұрарбек Тілдехановты 2 жылға түрмеге жіберді. Оған "қызметіне салғыр қарады" деген айып тағылған. Тілдеханов үкіммен келіспейді.
Қырғызстан билігі елдегі танымал тәуелсіз басылымның бірі — Kloop басылымын түбегейлі жабуға тырысып жатыр. Қордың қудалануына былтыр жазда түсірілген прокурор арызы түрткі болған. Мемлекеттік айыптаушы "басылым материалдары билік беделіне нұқсан келтіреді" деп тапқан.
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы бұзылып, борап тұр. Салдарынан республикалық бағыттағы трассалар жабылып, қатынау қиындаған. Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, тек Ақтөбе облысында далада қалған 500-ге жуық адам құтқарылған және алдағы күндері де қарлы-боран күшейеді.
7 ақпанда президент үкіметтің жаңа құрамымен кездесті. Журналистер жиынның басталуы үш сағат күтті, көбі аңдыған министрлеріне сұрақ қоя алмады және тікелей көрсетілмеген отырысты видеоға да түсіруге тыйым салынды. Үкімет сонда да «ашықпыз» дейді.
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасы байланысты ең ауыр жаза алған Нұрсұлтан Исаевтың үкімі өзгеріссіз қалды. Жоғарғы сот "үкімді қарауға негіз жоқ" деп шешім шығарды. Осылайша Қазақстандағы барлық инстанцияда жеңілген Исаевтың туыстары "күресімізді тоқтатпаймыз" дейді.
Павлодар облысы Майқайың кентінде 4 қаңтарда кеніш аумағындағы шұңқырға құлаған автобус пен ішіндегі екі адам әлі табылған жоқ. Туыстары іздеу баяу жүріп жатқанын айтып, лауазымды тұлғаларға бірнеше рет үндеу жариялаған. Бірақ осы күнге дейін не президент, не министр алтын кенішіне келіп,
Маңғыстау облысы Жетібай кентінде 11 желтоқсанда басталған West Oil Software компаниясы жұмысшыларының ереуілі әлі жалғасып жатыр. Бұған дейін жергілікті сот ереулді заңсыз деп тапқан және прокуратура қылмыстық іс ашқан. Ал компания ереуілшілердің кейбірін жұмыстан да шығарған.
Отын-энергетика кешені салалық кәсіподағының төрағасы Құспан Қосшығұлов пен West Oil Software компаниясы кәсіподағының жетекшісі Ақылбек Реймов Азаттыққа сұхбат берді. Айтуынша, талаптарын айтуға Маңғыстаудан Астанаға арнайы келген оларды министрліктер, парламент депутаттары қабылдамаған.
Жетібайдағы West Oil компаниясында істейтін жұмысшылар ереуілі әлі жалғасып жатыр.
Бүгін әлеуметтік желінің бәрінде Алматыдағы зілзаланы талқылап жатыр. Халықтың көбі биліктің жер сілкінісі кезінде кеш ақпарат таратқанына сынап жазғандар көп. Жазбаларды Нұргүл Тапаева шолып шықты.
Астанада сот "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтің ісін қарай бастады. Сот отырысы бастала сала процесс жабылып, іс журналистер мен көпшіліктің қатысуынсыз қаралатын болды.
Қазақстанның 430 әскериі Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясымен әлемдегі соғыс ошақтарына аттанады. Алғашқы топ биыл көктемде жолға шықпақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұсынысын парламенттің қос палатасы бірауыздан мақұлдады.
Қаңтар оқиғасында оқ тиіп қаза тапқан 4 жасар Айкөркемнің өліміне қатысты апелляциялық сот кейінге қалды. Себебі сотталушы денсаулығына байланысты қатыспаған, ал Айкөркемнің әкесі ұшақтан кешігіп қалған.
Маңғыстау облысында бірнеше ереуіл әлі жалғасып жатыр. Ақтау, Жаңаөзен мен Жетібайда мыңға тарта жұмысшы еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп тұр. Олардың бәрі президент пен премьер-министрден көмек сұрайды.
Қазақстанда кейінгі жылдары әкімдер мен министрлердің, депутаттардың жалақысы жиі сөз болып жүр. Қоғамда аталған шенділердің қандай айлық алатыны туралы азды-кем түсінік бар. Бірақ президенттік басқару формасындағы елде мемлекет басшысының жалақысы неге жария емес?
Тағы