Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Қазақстанда шетелден әкелген көліктерге төленетен утилизация алымына қарсы петицияға қол қойғандар 50 мыңнан асты. Заңға сәйкес, енді бұл талапты үкімет қарастыруға міндетті. Елде утилизациялық алым жойыла ма? Нұргүл Тапаева құзырлы министрдің жауабын білді.
Халықаралық баспасөз еркіндігі күні Азаттық бұрын журналист болған мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанмен сұхбат құрып, елдегі сөз бостандығын, «Шекарасыз тілшілер» ұйымының рейтингін, Масс-медиа заңын талқылады.
3 мамыр – Халықаралық баспасөз еркіндігі күні қарсаңында Азаттық Мичиган штаты университетінің профессоры Эрик Фридманмен сөйлесіп, демократия орнаған және орнамаған елдердегі журналистиканың ерекшеліктерін талқылады.
Атырау облысы Құлсары қаласында үш мыңға жуық жеке жер үйлерден бөлек көпқабатты үйлердің жертөлесі мен бірінші қабаттарын да су алған. Қала ортасындағы тозығы жеткен бірнеше көппәтерлі үйдің тұрғындары баспанасына кіре алмай отыр.
Түркістан облысы Ордабасы ауданында суицид жасап қаза болған полиция қызметкері бастығын кіналап, хат қалдырған. 12 наурызда болған оқиға бойынша қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Орталық Азия елдерін аралаған Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға да келді. Астанада Қазақстан сыртқы істер министрімен және ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен Кэмерон Азаттыққа шағын сұхбат берді.
«Алға, Қазақстан!» оппозициялық партиясын құрушы бастамашыл топ әділет министрлігіне 24-рет құжат өткізді. Министрліктің қоғамдық қабылдау бөлмесінен оларды полиция далаға шығарып жіберді. Сыртта да әкімдік өкілдері белсендіоерге «заңсыз митинг өткіздіңдер» деп, жауапқа тартылатындарын ескертті.
Астанада өтіп жатқан бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың сотына 22 сәуір күні ресейлік журналист Ксения Собчак қатысты. Соттан хабар таратып жүрген қазақстандық журналистер «Жоғарғы сот Собчакқа ерекше жағдай жасады» деп сынап жатыр.
Солтүстік Қазақстанда 2401 үй суға батқан, 10 мыңнан астам адам туыстарын, Петропавл мен аудандардағы эвакуациялық орталықтарды паналап жатыр. Қалада гуманитарлық пункттер жұмыс істеп тұр. Бірақ жұрт үйсіз қалай өмір сүреміз деп алаңдайды. Билік су қайтпай, баспана туралы айта алмаймыз дейді.
Сәуірдің басында Тобыл өзені тасып, Қостанай облысының орталығын, қалаға жақын төрт ауданды су басып қалды. Тұрғындар бұрын-соңды мұндай апат болмаған дейді. Жергілікті билік 8 сәуірде "қауіп төмендеді" деп хабарлады.
Петропавлда қала іргесіндегі аудандарды су алып жатыр. Жеті мыңнан аса адам көшірілген. Жұрт су алған үйінің маңынан кете алмай жүр. Азаттық сөйлескен тұрғындар тасқынды болдырмау үшін тиісті шаралар дұрыс жасалмағанын айтады. Петропавл қаласының әкімі бұған келіспейді.
Қостанай іргесіндегі Мичурин ауылында үйін су басқан көп тұрғынның бірі – Владимир Расторгуев. Ол "үйге су кіргенде алдымен кітаптарымды ойладым" дейді. Зейнеткер кемпірі екеуі тасқыннан келген шығынды үкімет өтеп берер деп үміттенеді.
Қазақстанның он облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланып, мыңдаған адам эвакуацияланды. Мал мен жан шығыны бар. Биылғы апатқа не себеп?
Ауғанстаннан туристік визамен келіп, қандас куәлігіне қол жеткізген этникалық қазақ Сәми Ата Ғұл Қазақстаннан депортацияланбақ. Оны сот "көші-қон заңын бұзды" деген. Атамекенде қалғысы келетінін айтқан Сәми Ата Ғұл Ауғанстанға қайтқысы жоқ.
Батыс Қазақстанның орталығы Орал қаласының іргесіне қарғын су кіре бастады. Самал ауданы мен оның айналасындағы саяжай тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Десе де жұрт ресми органдардан ақпарат аз екенін, көп жайдан хабарсыз отырғанына шағынды.
"Қылмыстық топ құрып, өзбекстандықтардан ақша бопсалады" деп сотталған туыстарын жазықсыз деп есептейтін Ақтаудың үш тұрғыны әділдік іздеп Астанаға келген. Олар президент пен бас прокурорға шағымданып, істі қайта қатауды талап етеді.
Астана іргесіндегі Қоянды ауылында еріген қар суы тұрғындардың берекесін қашырды. Жергілікті әкімдік "су бес үйге ғана кірді" деп мәлімдеген. Алайда Азаттық тілшісі сөйлескен тұрғындар су кірген үйлер мен аулалар әлдеқайда көп дейді.
Мәскеудегі терактіге қатысты 11 адам ұсталып, сегізі сот шешімі бойынша екі айға тұтқындалды. Ұсталғандардың көбі – Тәжікстан азаматы. Олар кім? Немен айналысқан? Шолып шықтық.
Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болған Самат Әбішке сот 8 жыл шартты жаза тағайындады. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот мәлімдемесіне қарағанда, Әбіш «кінәсін мойындаған» және «қатты өкінген».
Батыс Қазақстан облысы Новенький ауылының жұрты жаңа мектеп сұрайды. Ауылдағы жалғыз білім ордасы әбден ескірген. Қабырғасы шытынап, едені шіріп кеткен. Ата-аналар «мұндай мектепке баламызды жіберуге қорқамыз» дейді. Былтыр олар ақша жинап, жөндеуге көмектескен. Мектеп директоры «балалардың білім
Тағы