Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Нұр-Сұлтанда бірнеше бала ерткен екі әйел биліктен көмек сұрап, министрлер үйінің алдына барды.
Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда 6 шілде – қала күні кешке жасалған отшашу жұрт арасында қарама қайшы пікір тудырды. Оны қолдап жатқандар да бар, алайда елді індет жайлап, өлім-жітім көбейгенде мұндай шараны биліктің безбүйректігіне балап, сынап жатқандар әлдеқайда көп.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа оның есімі берілген ел астанасында тағы бір ескерткіш орнатылды. Бұл жолы Назарбаевтың ескерткіші Ұлттық қорғаныс университетінің алдына қойылды.
Нұр-Сұлтан қаласында 6 шілдеде тойланатын Астана күні мерекесіне дайындық жұмыстары байқалды. Азаттық тілшісі мерекенің қалай өткелі жатқанын анықтауға тырысып, қала тұрғындарының пікірін білді.
Нұр-Сұлтан іргесінде жаңа салынған жұқпалы аурулар орталығында COVID-19 жұқтырып, ауыр халде жатқандар бар. Арнайы аппаратқа жалғанғандардың кейбірі ес-түссіз. Азаттық тілшілері орталық ішіне кіріп, палаталарды аралап шықты. 200 адамға арналған аруханада 400-ге жуық қызметкер жұмыс істейді.
Министрлер үйінің алдында наразылық білдіріп, екі күн түнеген әйелдерді 10 маусым таңертең қорғаныш киімін кигендер күштеп әкетті. Олар биліктен жәрдемақы мен баспана талап еткен. Кейін сот наразы әйелдердің бірнешеуін "қоғамдық тәртіпті бұзды, карантин ережесін сақтамады" деп айыппұлмен жазалады.
Нұр-Сұлтанда екі күн еңбек министрлігі алдында түнеп, наразылық білдірген әйелдерді полиция күштеп әкетті. Басқармаға апарып, коронавирусқа байланысты тест алмақ болған. Әйелдердің сөзінше, кейбіріне айыппұл салған, кейбіріне сотқа шақыру қағазын ұстатқан.
Қазақстан соты экстремистік деп таныған тіркелмеген "Көше партиясы" қозғалысының бір топ белсендісі Нұр-Сұлтан қаласындағы уақытша қамау изоляторының алдында наразылық акциясын өткізді. Олар 6 маусымдағы митингіден соң қамалған үш белсендіні бостауды талап етеді.
Нұр-Сұлтанда көп балалы әйелдер аштық жариялайтынын айтып, еңбек министрлігі алдында отыр. Олар үкіметтен баспана, әлеуметтік жәрдемақы талап етеді. Орындалмаса министрлік алдында түнеп шықпақ.
6 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында полиция алдын ала жоспарланған митингіге келген оншақты адамды ұстап әкетті. Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл наразылардың біріне "Шабалаңдама" деп ұрсып тастады.
Нұр-Сұлтанда он шақты жыл бұрын сатып алып, үй салған жерін "Нұрбесік" тұрғындары заңдастыра алмай жүр.
Қазақстанда карантин шектеулері жеңілдетіліп жатқанда короновирус құрбандары күрт көбейді. Соңғы төрт тәулікте он адам қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрі ахуалға байланысты арнайы мәлімдеме жасады. Тұрғындар «билік ақпаратты жасырады» дейді.
Нұр-Сұлтанда COVID-19 дертінен ресми мәлімет бойынша 6 адам қайтыс болған. Бірақ коронавирустан көз жұмғандарды жерлейтін арнайы орында 10 қабір тұр. Денсаулық сақтау басқармасының өкілі не дейді?
Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға берілетін 42 500 теңгені алмаған азаматтардың өтініші қайта қаралмақ. Министрлік дерегінше, тұрғындар құжатты жергілікті штабқа өздері апарып тапсыруы керек.
Карантин кезіндегі шектеулерге қарамастан Нұр-Сұлтанда екі жүздей саудагер жалдау ақысы мен айыппұлдың көбейгенін айтып, наразылық білдірді. Орталық базар басшылығымен кездесуді талап еткен топтың ортасында прокуратура, билік өкілі де болды.
Ақмола облысының Қаражар ауылы тұрғындары қалаға кіретін жолдағы блокпосты алып тастауды немесе өздерін карантин аймағына кіргізуді талап етеді. Бірақ әкімдік өкілдері адамдарды Нұр-Сұлтанға арнайы тізім арқылы кіргізбек.
Ақмола облысының Целиноград ауданы жедел жәрдем бөлімі қызметкерлері COVID-19 коронавирусымен күрес кезінде мемлекет бөлген үстемеақыны алмағандарына шағымданады. Денсаулық сақтау басқармасы үстемақыны толық алуға шағым айтушылардың жұмыс сағаты толмайтынын айтады.
Нұр-Сұлтан қаласындағы қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға күтім көрсететін «Шарапат» орталығының санитарлары жалақы алмағанын, үстемақы лайық төленбегенін айтып шағымданады. Олардың сөзінше, «жұмыс ауыр әрі денсаулыққа да қауіп бар». Әкімдік өкілі «карантин біткен соң бәрін тексеріледі» дейді
Нұр-Сұлтанда пандемияға байланысты жарияланған карантиннен соң үйінде зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтып, полиция мен дағдарыс орталықтарына қоңырау шалатындар күрт көбейген. Мамандардың сөзінше, негізгі себептің бірі - төтенше жағдай кезіндегі жұмыссыздық.
Нұр-Сұлтанда COVID-19 коронавирусын жұқтырған адамдардың анықталуына байланысты карантинге жабылған кейбір көпқабатты үйдің тұрғындары дезинфекцияға көңілі толмайды. Ал қалалық санитарлық эпидемиология станциясы қаулыда бүкіл үйді тазалау туралы жазылмағанын айтады.
Тағы