Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Қазақстанда коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлердің вирус жұқтырғаны көбейген шақта медицина қызметкерлерінің шағым айтуы да жиіледі. Нұр-Сұлтан мен Ақтау қаласында жедел жәрдем жұмысшылары “президент айтқан үстемақыдан қағылдық” деп наразы.
Нұр-Сұлтанда сирек кездесетін сырқаты бар балаларды бағып отырған әйелдер Нұр Отан партиясының 50 мың теңге көмегіне жете алмай отырғанын айтады. Олардың сөзінше, партия өкілі “атаулы әлеуметтік көмек алатындарға жәрдем берілмейді” деген. Қызылорда қаласында да ондаған адам карантинге қарамай, көмек
Сегіз жасар Нұр-Сұлтан тұрғыны Никита Никитиннің дерті сирек кездеседі. Оның терісі балық қабыршағына ұқсайды. Дәрігерлер қойған диагноз - «ламеллярлық ихтиоз». Биыл бірінші сыныпты бітіретін Никита сусыз тұра алмайды. Ауруын су мен аса қымбат кремдер ғана жеңілдетіп келеді.
Биліктің оңтүстіктен солтүстікке көшіру бағдарламасы аясында Түркістаннан Павлодар облысына қоныс аударған соң көп балалы шаңырақтың тұрмысы ауырлап кеткен. Көшіп барған жері жайлы болмағанын айтқан жалғызбасты әйел қазір астанада тұрып жатыр.
Коронавирус қаупіне байланысты Қазақстанда 6 сәуірден бастап сабақ онлайн өтеді. Мұғалімдер телерна, интернет арқылы тікелей байланыста дәріс оқиды. Бұған әр шаңырақтың дайындығы әртүрлі. Маманның сөзінше, онлайн оқуға алдымен ата-ана психологиялық тұрғыда әзір болуы керек.
Карантинде қалған Нұр-Сұлтан тұрғыны күн көріс қиындап кеткенін айтады.
26 наурызда парламент мәжілісі «Бейбіт жиын өткізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
19 наурызда Қазақстан валютасы құнсызданып, доллар бірден 9 теңгеге қымбаттады. Нұр-Сұлтан мен Алматыда бір доллар 470-485 теңге аралығында саудаланды. Кейбір ақша айырбастау пунктері доллар сатуды тоқтатты.
Нұр-Сұлтан базарларында жұмыс істейтін қырғызстандықтар коронавирус салдарынан елдеріне жоспарлаған сапарын шегергенін айтады. Ал астана базарларында сауда-саттық бәсеңдеп, келушілер саны азайған.
Қоғамда сынға түскен бейбіт жиындар туралы заң жобасын ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәжіліске таныстырды. Депутаттар заңда полицейлер этикасы мен құқығы қарастырылмаған десе, құқық қорғаушылар мен белсенділер заңды адам құқығына қайшы деп бағалайды.
Биліктегі "Нұр Отан" саяси партиясы 18 наурызда өтетін саяси кеңесінің отырысына дайындалып жатыр. Кей сарапшылар оны "Қазақстанның саяси өміріне монополия орнатты" деп сынайды. Азаттық тілшілері Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент пен Қызылорда тұрғындарының билік партиясы туралы пікірін сұрады.
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан соң елдегі дәріханаларда маска тапшы екенін айтады.
Денсаулық сақтау министрлігі күнде коронавирусқа дайындық жайлы есеп беріп жатыр. Бұл елде вирус жұқтырғандар жоқ. Қазақстан медицинасы коронавирусқа дайын ба? Бұл сауалды Нұр-Сұлтан тұрғындарына қойып көрдік.
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде - қала я облыс әкімдіктерінің маңында - арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады.
Нұр-Сұлтандағы билікке қарсы наразылық.
27ақпанда Ақмола облысы Талапкер ауылында Дулат Ағаділді ақтық сапарға шығарып салды. Екі күн бұрын Нұр-Сұлтандағы тергеу абақтысында жұмбақ жағдайда көз жұмған белсендімен қоштасуға, қатты боранға қарамастан, мыңнан астам адам келді.
Қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің полиция қамағаннан кейін абақтыда қаза болуына кім кінәлі? Азаттық осы сауалды парламент мәжілісінің депутаттарына қойды.
25 ақпан түнде Қазақстан ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында ондаған адам белсенді Дулат Ағаділді еске алып, шам жақты
22 ақпанда билікке қарсы наразылық кезінде ұсталған нұр-сұлтандық белсенділердің айтқаны. Сенбіде елде билікке қарсы митингіде, құқық қорғаушылардың есебінше, 300 адам ұсталған.
22 ақпан күні Қазақстанның бірнеше қаласында болған митинг кезінде жүзден астам адам ұсталды.
Тағы