Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Бір кездері Торғай облысының орталығы болған Арқалық қаласында боксит кенін өндіретін "Торғай кен басқармасы" жұмысын тоқтатпақ. Компания мұның себебін өңірде кеннің таусылғанымен түсіндіреді.
Қазақстанда азаматтық белсенділігі үшін қудаланып жатқандардың арасында діндар Әбдукәрім Хасан да бар. Ол марқұм белсенді Дулат Ағаділдің үйіндегі астан кейін он тәулікке қамап, айыппұл алған.
Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше азаматтық белсенді мен адвокат өздеріне полиция департаментінде бір әйел шабуыл жасағанын, құзырлы орган өкілдері оқиғаны үнсіз бақылап тұрғанын айтады. Ал екінші тарап "белсенділер мені сыртымнан видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде қаралады" дейді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түрмедегілерге рақымшылық жариялайтынын мәлімдеді. Жеңілдікке кім және қанша адам ілінетіні айтылған жоқ. Елде саяси себептермен сотталғандар түрмеден шыға ма?
Қазақстан билігі "Бейбіт жиындар туралы" заңды өзгертіп, оны "демократиялық жетістікке" баласа да елде митингілер қарсаңында белсенділерді ұстау, әкімшілік жауапқа тартып, бірнеше күнге қамап тастау жиі қайталанады.
Кейінгі тәулікте Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус індеті өршіді. Облыс вирус жұқтырғандар саны бойынша астанадан кейін екінші орында тұр. Өңірде коронавирус инфекциясының таралуына не себеп?
Қазақстанда вирус жұқтыру қаупі артқаны айтыла бастады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "елде пандемияның екінші толқыны басталуы мүмкін" деп ескертеді. Азаттық мәжіліс депутаттарынан "билік екінші толқынға дайын ба?" деп сұрап көрді.
Қырғызстандағы ел толқуынан кейін Садыр Жапаров премьер-министр боп тағайындалған. Бірақ оппозиция лидерлерінің бірі, Жогорку Кенеш депутаты Эльвира Сурабалдиева "саясаткерді толық ел қолдамайды" дейді. Азаттық Қырғызстандағы жағдай туралы депутатпен сұхбаттасты.
25 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда қуғындағы банкир, шетелде тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов шақырған бейбіт митингіге келген жұрт билік жүйесінің өзгеруін, саяси тұтқындарға бостандық берілуін, несиенің кешірілуін талап етті. Кейбірі "Назарбаев, Тоқаев кетсін!" деді.
Калачи – Ақмола облысындағы шағын ауыл. 2013 жылы ауылда белгісіз "ұйқы дерті" басталған – жергілікті тұрғындар аяқ астынан бірнеше күнге ұйқыға кетіп, сандырақтап, оларды ояту қиынға соққан еді. Азаттық Калачи ауылының бүгінгі жағдайымен танысып қайтты.
Қостанай облысындағы Құмкешу ауылында тұратын ерлі-зайыпты Мырзекеевтер 120 литр қымыз дайындайды. Короновирус өршіген кезде ауылдастарына қымыз беріп көмектескен. Отыз үш бие ұстайтын шаруа үкімет жылқыға субсидия беріп, қолдау танытса дейді.
Биліктен баспана, әлеуметтік жәрдемақы сұрап, жиі наразылық өткізіп жүрген бір топ әйел 8 қыркүйекте қаңғыбас ит-мысыққа арналған ғимаратта бір түн қонып шықты. Олар "үкімет адамды жануардан кем көреді" деп шағымданады.
Бұрынғы Торғай облысының орталығы болған Арқалық қаласы қазір Қостанай облысына қарайды. Мұндағы жалғыз кәсіпорын - Торғай боксит кені басқармасы 2021 жылы жұмысын тоқтатады деп жоспарланған. Азаттық тілшілері моноқаланың қазіргі жағдайымен танысып қайтты.
Нұр-Сұлтанда үлескерлер 8 жыл күтіп, құрылысы енді аяқталған үйлеріне әлі қол жеткізе алмай жүр. Ендігі дау үлескерлер мен тұрғын үй кооперативі арасында пайда болған. Кооператив жарна төлемеген тұрғындарға кілт берілмейтінін айтады.
Ипотекалық борышкерлер Ақорда маңына жиналып, президенттен тағы да көмек сұрады. Олар он жылдан асса да даудың әлі шешілмегенін, әбден мезі қылғанын айтып, биліктен төленбей қалған қарызға кешірім жасауды талап етеді.
Қазақстанда билік партиясы "Нұр Отанның" ішінде праймериз басталды. Партия төрағасы, Қазақстанның бұрынғы президенті мұндай қадам арқылы "елде саяси реформа жасауды" көздейді. Бірақ "Нұр Отанды" сынаушылар "билік реформа жасағысы келсе оппозициялық партияларды тіркесін" дейді.
Беларусьтегі жағдай жайлы қазақстандықтар пікірі.
Қазақстанда карантин жеңілдеді. 17 тамыздан бастап базар, ірі сауда, ойын-сауық орталықтары ашылды. Кәсіпкерлер карантин кезінде жұмыссыз қалып, шығынға батқандарын айтса, денсаулық сақтау министрлігі шектеу тағы қатаюы мүмкін дейді.
Қазақстанда сенаттың бос тұрған 17 орнына депутат сайлау аяқталды. Заңға сай, оларды жергілікті мәслихат депутаттары таңдады. Алайда оппозициялық партия жетекшісі сайлау әділ өтпейді десе, қарапайым тұрғындар науқан жөнінде естімегендерін айтады.
"Демократиялық партия" құрғысы келетін бастамашыл топ президент Қасым-Жомарт Тоқаев атына жазылған "жүз мың адамның арызын" оның әкімшілігіне апарып тапсырды.
Тағы