Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Ресей мемлекеттік думасының депутаттары Вячеслав Никонов пен Евгений Фёдоров Қазақстан жерінің тұтастығына қатысты мәлімдемелер жасады. Олардың айтуынша, "Ресей Қазақстанға жер сыйға тартқан". Азаттық Қазақстан парламенті депутаттарының осыған қатысты пікірін сұрады.
Орталық сайлау комиссиясы бақылаушылардың міндетіне байланысты жаңа қаулы қабылдаған. Құжатта сайлау учаскелерінен рұқсатсыз фото-видео түсіріп, онлайн трансляцияға шығуға тыйым салынған. Тәуелсіз бақылаушылар мұны заңға қайшы әрекет деп бағалайды. Азаттық парламент депутаттарынан осы туралы сұрады.
Мүгедек бала бағып отырғанын айтып, үкіметтен көптен бері тегін баспана сұрап жүрген Нұр-Сұлтан тұрғындары бүгін тағы да премьер-министрге хат жазды. "Билік үй бере алмаса шаңырақтардың птер жалдайтын ақшасын толық мойнына алсын" дейді олар.
Қазақстанда депутат болғысы келетін журналист көп. 10 қаңтарға белгіленген мәжіліс сайлауына бес партия кемі жиырмадан астам тілшіні тізімге қосқан. Сарапшы "партиялар журналистерді пайдаланып отыр" десе, батыс журналисі "саяст пен журналистика екі бөлек кәсіп" екенін айтады.
Қазақстан билігі 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда кибер жаттығу басталғанын мәлімдеді. Осы кезде интернет істемей қалды. Тұрғындар Facebook, Youtube сияқты әлеуметтік желілер мен бірқатар сайттарға кіре алмады.
6 желтоқсанда астаналықтар Facebook, Youtube және өзге де сайттарға кіре алмай қалды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жариялаған "Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан – 2020" жаттығуы кезінде әлеуметтік желілерден бөлек, "бірқатар шетелдік интернет-ресурсқа" кіру қиындады.
"Нұр Отан" партиясының мүшесі, ақын Мақпал Мысаның шығармашылық кешін өткізуге Нұр-Сұлтан әкімдігінен 28 миллион теңге алған "Адал" партиясының өкілі, журналист Мұрат Қожамқұлов алдағы мәжіліс сайлауына қатыспайтын болды.
2 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда мүгедек бала асырап отырған он шақты тұрғын президентке хат жазып, тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа арналған хатта олар мүгедек баласы бар ата-аналарға тегін баспана беруді талап етеді.
Жалпұлттық социал демократиялық партиясы (ЖСДП) сайлауға бойкот жариялап, сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді. Партия 10 қаңтардағы сайлауда учаскелерге барып, науқанды бақылай ма, жоқ па ол жағы белгісіз. ЖСДП-ның бойкот жариялауына не себеп?
Елді 30 жыл билеген экс-президент қызының билікке қайта ұмтылуы дұрыс па? Бұл сауалдарға депутаттар мен қарапайым тұрғындар жауап берді.
"Нұр Отан" партиясы съезд өткізіп мәжіліс сайлауына кандидаттар ұсынды. Арасында партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көктемде ғана сенат спикерлігінен кеткен қызы Дариға Назарбаев бар. Жиын өтіп жатқан ғимаратқа тілшілер кіре алмады. Съезді журналистер бір шақырымдай жерден бақылады.
20 қарашада "Ақ жол" партиясы съезд өткізіп, 10 қаңтардағы мәжіліс пен мәслихат сайлауына кандидат ұсынды. Өздерін билік партиясына бәсекелес деп есептейтін ақжолдықтар жиында "Нұр Отан" төрағасы, экс-президент Назарбаевты көп мақтады. Алайда Азаттық тілшілерін залға кіргізбеді.
Азаттық 20 қарашада Нұр-Сұлтанда өткен "Ақ жол" партиясының парламент сайлауы алдындағы съезінен соң Перуашевтен "жылағаныңызға өкінесіз бе?" деп сұрады.
Жақында ғана атауы "Адал" болып өзгерген бұрынғы "Бірлік" партиясы мәжіліс сайлауына 20 кандидат ұсынды. Партия алдағы сайлауға қызу дайындалып жатырмыз дегенімен, жеңіске ұмтылыс байқалмайды.
Нұр Сұлтан әкімдігіне баспана мен үстемақы талап еткендер жиналды. Екі топ бір уақытта, биліктен көмек сұрап, наразылық білдірген. Коронавирус жұқтырғандар күрт артқанда жедел жәрдем қызметкерлері "жұмыс көбейгенімен, жалақы азайды" дейді. Ал мүгедек баласы барлар баспана талап етті.
Марқұм белсенді Дулат Ағаділдің ұлы Жанболаттың кісі қолынан қаза тапқанына бір апта болды. 17 жастағы жігіттің өлімінен кейін "абайсызда пышақтап алдым" деген күдікті "полицейлерге алданып қалдым" дейді. Күдікті жігіт адвокатымен бес күннен соң кездескенін де айтады.
13 қарашада Нұр-Сұлтан іргесіндегі Талапкер ауылында жұрт Жанболат Ағаділді ақтық сапарға шығарып салды. 11 қарашаға қараған түні кісі қолынан қаза тапқан Жанболаттың жаназасына туыстарынан бөлек Қазақстанның әр өңірінен саясаткерлер, белсенділер қатысты.
Нұр-Сұлтан соты блогер әрі тәуелсіз журналист Айгүл Өтепованы психикалық науқастарды емдейтін орталыққа жатқызуға шешім шығарды. Бұған оның жақындары мен адвокаты наразы. Олар сот шешімін "биліктің белсенділерге қысым көрсету әрекетіне ұқсайды" деп бағалайды.
Нұр-Сұлтанда төбелес кезінде азаматтық белсенді Дулат Ағәділдің ұлы Жанболат Ағаділ көз жұмды. Оқиға 10 қараша түнде 11 шамасында Көктал шағын ауданында болған. Полицияның мәліметінде, бір топ жас бала жанжалдасып, екі адам пышақталған
Қазақстанда алдағы мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысуға мүмкіндігі бар алты партияның бәрі саяси науқанға араласа ма, жоқ па, әлі белгісіз. Ешбірі құрылтайын да өткізген жоқ.
Тағы