Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Қазақстан биологтары елдің орталық және батыс аймақтарын жалғайтын жол құрылысы киік көшіне кедергі туғызып, жабайы жануардың азайып кетуіне әсер етуі мүмкін деп алаңдайды. "Орталық-Батыс" көлік жолы киікке зиян тигізе ме? Азаттықтың түсірілім тобы Ақмола облысындағы жағдаймен танысып қайтты.
Қазақстан үкіметі латын графикасына негізделген жаңа әліпби нұсқасын ұсынды. Бұған дейін де бірнеше нұсқасы қабылданып, бірақ соңы үлкен дауға айналған. Соңғы нұсқаны да көп маман "бұрынғымен салыстырғанда тәуір екен" десе де ,бәрі бірдей мақтай жөнелген жоқ.
Ақтөбедегі Қытай компаниясы мұнайшыларының наразылығы әлі де жалғасып жатыр. Ереуілге шыққан жұмысшылар айлықты 100 пайыз көтеруді талап етеді. Еңбек дауы қалай шешілуі керек? Мәселе парламентте көтеріле ме? Азаттық осы сауалдарды сенат депутаттарына қойды.
Қазақстанда ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина салына бастайды. Денсаулық сақтау министрлігі "дайынбыз" деп мәлімдесе де, кей тұрғындар "екпе салдыруға әзір емеспіз" дейді.
Қытайдағы саяси қуғын-сүргіннен қашып, Қазақстаннан босқын мәртебесін алған екі қазақ 21 қаңтар түнде соққыға жығылды. Қайша Ақанға Алматыда, Мұрагер Әлімұлына Нұр-Сұлтанда шабуыл жасалған. Екеуі де бұл оқиғаны кездейсоқ жағдай деп есептемейді.
Нұр-Сұлтанда дәріхана иелері денсаулық сақтау министрінің дәрі-дәрмек бағасына байланысты бұйрығына наразы. Құжатта жүзден астам дәрінің бағасын өсіруге шектеу қойылған. Алайда фармацевттер "бұйрық кәсіпкерлерді банкрот қылады" дейді.
Қазақстанда 17 қаңтарда коронавирус жұққан 1003 адам анықталған. Бұл - кейінгі бес айдағы ең көп көрсеткіш. Елдің әр өңірінде карантин шектеуі қайта күшейіп жатыр. Ал президентке үндеу жолдаған дәрігерлер мен ғалымдар өзге сырқаттар ковидтің көлеңкесінде қалып қойып жатқанын айтады.
Қазақстанның жаңа сайланған депутаттары ант беріп, жұмысқа кірісті. Бәрі "Нұр Отан" төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сценариімен жүрді - мәжіліс спикері де, үкімет төрағасы да ауыспады.
Бес жыл парламент үйін қызмет орны қылған, барлық керек-жарағы бюджеттен, яғни халықтың қалтасынан төленген депутаттар несімен есте қалды?
10 қаңтарда өткен парламент мәжілісі мен мәслихаттар сайлауында жер-жерде тәуелсіз бақылаушыларға түрлі кедергі жасалғаны хабарланды. Сайлау күні бақылаушылардан коронавирус жоқтығы жайлы ПТР тест талап етілді, бақылаушылардың "аквариумға" отырғызды және рұқсатсыз фото-видео түсіруге тыйым салды.
Қазақстанда 10 қаңтар, парламент сайлауы күні билікті сынап жүрген белсендінің көбі дауыс бере алмады. Кейбірін полиция үйінен, кейбірін митинг өтетін маңнан алып кетті. Құқық қорғау ұйымының есебінше, елде 10 қаңтар күні кемі 200-ден астам адам ұсталған.
10 қаңтар Қазақстандағы мәжіліс пен мәслихат сайлауы өтіп жатқан тұста Нұр-Сұлтан қаласында бір топ адам шетелдегі оппозиционер, елде сырттай өмір бойына сотталған Мұхтар Әблязовтың шақыруы бойынша билікке қарсы наразылық білдірмек болды. Бейбіт жиынға келгендерді полиция күшпен ұстап әкетті.
Саяси партиялар үгіт-насихатты аяқтап, "миллиондаған тұрғынмен кездестік, мыңдаған елді мекенді араладық" деп есеп беріп жатыр. Алайда, Азаттық тілшісі аралап қайтқан Нұр-Сұлтан іргесіндегі ауылда тұрғындардың саяси науқанға құлшынып тұрмағаны байқалды. Олардың сайлаудан да маңызды мәселелері бар.
Қазақстанда сайлау жақындағанда "заңсыз үгіт-насихат жүргізді" деп жауапқа тартылып жатқандар көбейді. Олардың дені - "Ақ жол" партиясын қолдауға шақырып жүргендер. Партия басшылары бұған алаңдаушылық білдіріп, ішкі істер министрлігіне сауал жолдаған.
Қарағанды облысы Балқаш қаласының тұрғыны, белсенді Азамат Раевты белгісіз біреу соққыға жыққан. Дәрігерлер оның миы шайқалғанын айтқан. Раев бұл оқиғаның саяси астары бар деп есептейді. Ол әлеуметтік желіде жұртты алдағы парламент сайлауын белсенді түрде бақылауға шақырып жүрген.
Қазақстанда былтырғы президент сайлауынан соң бақылаушы ұйым ретінде әділет министрлігіне тіркелген "Мұқалмас" бірлестігі әр аймақта филиалдарын тіркей алмай жатқанын айтады. Бірлестік басшысының сөзінше, жергілікті әділет департаменттері құжаттардан түрлі кемшілік тауып, қайтарып жібереді.
Түркістан облысында балабақша қызметкері басшылық газетке жазылуға мәжбүрлеп жатқанын айтып, президент пен білім министріне шағымданды. Оның сөзін өзге де әріптесі қуаттап отыр. Ал министрлік өкілі мұндай шағым жиі түсетінін растады.
ЕҚЫҰ бақылаушылары басталғанына екі апта өтсе де саяси партиялардың сайлауалды үгіт-насихаты сылбыр жүріп жатыр дейді. Ал кей партиялар індетке байланысты іс-шараның көбін онлайн форматта өткізуге мәжбүр екенін айтады. Кейбірінің өкілдері үй-үйге кіріп, ел аралап жүр.
Қазақстандағы мәслихат пен мәжіліс сайлауына екі апта қалды. Мәжілістің алтыншы шақырылымы төрт жыл бойғы жұмысын қорытындылап жатыр. Олардың арасында сайлауға қайта түсетіндері де бар. Бұл парламент ел есінде қалай қалмақ?
Бірер жыл бұрын ондаған миллион ақшаға салынған астанадағы «жылы аялдаманың» кейбірі істен шыққан. Тұрғындар көбінің іші салқын, лас деп шағымданады. Азаттық техниканың соңғы үлгісімен жабдықталған бірнеше нысанды аралап, жай-күйін көрді.
Тағы