Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Мүмкіндігі шектеулері балалардың мәселесін көтеріп жүрген бір топ әйел бірнеше күннен бері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне түнеп жүр. Олар биліктен баспана беруді, мүгедек баласы бар ата-аналарды ертерек зейнетке шығаруды, жәрдемақыны көбейтуді және басқа да жеңілдіктер жасауды талап етеді.
Нұр-Сұлтан соты былтыр төбелесте пышақталып қаза тапқан Жанболат Ағәділ ісіне байланысты куәгерлерден жауап ала бастады. Жәбірленуші тарап сотқа қатысып отыратын полицияның жедел уәкілі "үнемі психологиялық қысым жасайтынын" айтты.
28 ақпанда Алматы мен Нұр-Сұлтанда бейбіт шеруге шыққандарды арнайы жасақ құрсауға алып, бірнеше сағат кеттлинг әдісімен қоршап тұрды. Азаттық тілшісі депутаттардан "Бұл - адам құқығын бұзу емес пе?" деп сұрады.
Нұр-Сұлтанда бір топ белсенді наразылыққа шығып, полиция қоршауында қалды. Кейбірін ұстап әкетті. Белсенділер биліктен Еуропарламен қарарындағы талаптарды орындауды сұрамақ болған.
28 ақпанда, Қазақстанда билікке қарсы бейбіт митинг өтетін күні, полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа қалаларда күзет күшейтіп, наразылыққа шыққандарды "кеттлингке" алды, ұсталғандары да бар.
25 ақпанда белсенді Дулат Ағаділдің Нұр-Сұлтандағы уақытша қамау изоляторында жұмбақ жағдайда көз жұмғанына бір жыл болды. Құзырлы органдар "қылмыс құрамы жоқ" деп, оның қазасын тергеуді доғарған. Белсендінің туыстары мен жақтастары "Ағаділ жүрегі қысып қайтыс болған" деген биліктің сөзіне сенбейді.
Нұр-Сұлтан соты Жанболат Ағәділдің өліміне қатысты істі қарай бастады. Марқұм белсенді Дулат Ағаділдің ұлы Жанболат былтыр төбелес кезінде пышақталып, мерт болған еді.
Ресми статистика бойынша, Қазақстаннан шетелге көшетіндердің көбі жоғары білімді. Келетіндер кеткендердің орнын баса алмайды. Әсіресе еңбегін әділ бағалайтын ел іздейтіндердің көбі - дәрігер. Сарапшы мұны елдегі саяси, әлеуметтік жағдаймен байланыстырады.
Өткен ғасырда қазақ халқының жартысына жуығы қырылған ашаршылықты сенат спикері Мәулен Әшімбаев "саясиландырмаған жөн" деді. Спикердің бұл сөзі сынға ұшырады.
Қызылорда облысы Шаған ауылының тұрғындары үкіметтен жалға алған жерін осыдан 15 жыл бұрын кәсіпкердің пайдалануына беріп, енді соны кері қайтарып ала алмай жүр. Олар ауыл ортасына жиналып, талап-арызын айтты.
Қазақстанда жоғарғы соттың судьясы өткен аптада пара алып жатқан жерінен ұсталғаны айтылса да, ресми ақпарат өте аз. Оған ақшаны өзінен лауазымы төмендеу, Түркістан қаласының судьясы жіберген. Ал сарапшы елдегі сот жүйесін жемқорлық жайлағанын, судьялар бірі біріне пара беруден тайынбайтынын айтады.
Қазақстан үкіметі мен парламенті бір жылдан бері "карантин" деп жабық тұр. Нақтырағы тек журналистер үшін жабық. Осылайша билік елдегі бас мекемелерден тілшілердің ақпарат таратуына кедергі келтіріп отыр.
Азаттық тілшісі нұр-сұлтандық тұрғындардан "Қоластындағылар жемқорлықпен ұсталса, кім жауапты?" деп сұрады.
Бүгін, 11 ақпан мемлекет қайраткері, оппозиция лидері Алтынбек Сәрсебайұлының кісі қолынан қаза тапқанына 15 жыл толды. Азаттық депутаттардан "оппозициялық саясаткердің құпия қазасының шындығы ашылды ма?" деп сұрады.
Атырау облысының соты "жер митингілерінен" кейін бес жыл қамауда отырып шыққан белсенді Макс Боқаевтың "үш жыл әкімшілік қадағалауда болу керек" деген сот қаулысына қарсы апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. Сот шешімі бірден күшіне енеді және шағымдануға жатпайды.
Қазақстанда "Шыңжаңда туыстарым қамалды" деген адамдардың шағымы көбейді. Ол бірнеше күннен бері Алматыдағы Қытай консулдығына барып, Шыңжаңда қалған жақындарын босатуды талап етіп жүр. Қазақстан мәжілісінің депутаттары Қытайда жақындары қалып қойған қазақстандықтардың мәселесінен хабардар ма?
2020 жылғы ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданында болған қазақтар мен дүнгендер арасындағы ұлтаралық жанжал салдарынан 11 адам мерт болып, ондаған азамат жараланған. Бұл оқиғаға бір жыл толды. Осы уақыт аралығында не өзгерді? Билік мәселені шеше алды ма? Азаттық депуттардан сұрады.
Қазақстанның салық органдары үкіметтік емес ұйымдарға қозғаған әкімшілік істерді тоқтатты. Былтыр қарашада адам құқығы, сөз бостандығы, әділ сайлау мәселесімен айналысатын бейүкіметтік ұйымдарды жаппай тексеру басталған, олардың бірқатарына айыппұл салынған.
Екі жыл бұрын Нұр-Сұлтан іргесіндегі Көктал шағын ауданында үй өртеніп, бір шаңырақтың бес баласы түгел қаза тапқан. Сол қайғы Қазақстан қоғамын дүр сілкіндіріп, соңы ұзаққа созылған әйелдер наразылығына ұласқан. Не өзгерді? Билік елдегі көп балалы шаңырақтардың әлеуметтік мәселесін жеңілдететін тиі
Қазақстанда ресми ақпарат бойынша, 700 мыңнан астам мүгедек бар. Олардың жартысынан көбі еңбекке жарамды. Бірақ елде ондай адамдар жоғары лауазымды қызметке тағайындалмайды, парламенттің қос палатасында да мүгедек депутат жоқ. Неге?
Тағы