28 жастағы Динара Мыңбаева өлерінен бірер сағат бұрын полициядан көмек сұрап, қоңырау шалған. "Не болды?" деген оператор сауалына "Күйеуім ұрып жатыр" деп жауап берген. Ертесінде келіншек жұмбақ жағдайда қаза болды.
АҚШ-та Владимир Зеленский Дональд Трамппен кездесіп жатқанда Ресей әуе күштері Украинаның бірнеше өңіріне соққы жасады. Нью-Йорктегі талқыда соғысты тоқтату мен Киевке берілуі ықтимал әуе қорғаныс жүйесінің жайы сөз болған. Бірақ әзірге түпкілікті шешім жоқ.
Бұрынғы мәжілістің экс-спикері Ерлан Қошанов "Халық кеңесін" басқармақ. | Астана тұрғыны Ресейге жұмысқа кеткен ұлын соғысқа мәжбүрлер әкеткенін айтып, араша сұрайды. | Қазақстан Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының төрт күнінде 7 алтын алды.
Қазақстанда темекі қорабының ең төменгі заңды бағасы 1060 теңге болғанымен, Алматы базарларында екі есе арзанға күмәнді өнім еркін сатылып жатыр. Cатушылар оны делдалдардан алатынын, ал көтерме бағамен саудалайтындар заңсыз темекі Қырғызстан арқылы келетінін айтады. Үкімет күресіп жатырмыз дейді.
Қазақстанда ресми құны 1000 теңгеден кем тұрмайтын темекі қорабы кей базарда 450 теңгеге сатылып жатыр. Құқық қорғау органдары миллиондаған қорап темекіні тәркілеп жатса да, заңсыз өнім неге базарларда ашық сатылып жатыр?
Журналист Думан Мұхаммедкәрімнің амандығына алаңдаған ата-анасы биліктен араша сұрады. Президент Халық кеңесінің құрамын бекітіп, тізімін жариялады. АҚШ президенті Дональд Трамптың шешімін даулаған журналистер сотқа жүгінді.
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа сапарын бастады. Ол 20 шақты елдің президентімен кездесіп, соғысты тоқтату жайын талқылауды жоспарлап отыр. Дипломатиялық кездесулерге қарамастан соғыс күшейіп тұр. Киевке кезекті жойқын соққы жасалып, бейбіт тұрғындар қаза тапты.
Қазақстанға шетелден көшіп келетін қандастар талап күшейіп, сынақ көбейгенін айтады. Қамаудағы пірадар Иаков Воронцов бес күннен бері аштық жариялап жатыр. Ресейде үш күндік сайлау аяқталды. Парламенттегі орынның көбі Путин жақтайтын партияға берілді.
Украина Мәскеуге соғыс басталғалы бері бірінші рет ауқымды шабуыл жасады. Қала іргесіндегі мұнай өңдеу зауыты бүлінді. Осы тұста АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийден Ресейдің дизель отынын шығаратын кәсіпорындарын атқыламауды өтінді. Неге?
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров сайлауда 99,85 пайыз дауыспен жеңіске жетті деп жарияланды. Бұл - Қадыровтың жеке рекорды. Осылайша ол тағы бес жыл билікте отырмақ. Қадыров билікке қалай келді? Билігін қалай ұстап отыр? Шолып шықтық.
Российский бизнесмен с таджикскими корнями и связями в Кремле, Умар Кремлев с 2020 года возглавляет Международную федерацию бокса — организацию, сотрясаемую скандалами. Когда и как он выстроил тесные отношения со старшим сыном президента США Дональда Трампа, остается неизвестным.
Ресейде үш күндік парламент сайлауы басталды. Украина дрондары түні бойы Мәскеуге шабуылдады. Қазақстандық басылымдар "Қазақмыс" корпорациясының 1,2 млрд долларға сатылғанын жазды.
Еурокомиссия төрайы Урсула фон дер Ляйен Канадаға «серіктес мүше» болуды ұсынды. Бұл ұсыныстың астарында не жатыр? Екі тараптың жақындауына не себеп болды? Түсіндірейік.
Ресейдің Киевке жасаған шабуылынан 18 адам, оның ішінде екі бала жараланған. Ал Ресейде Украина соққыларынан кейін Ярославльдегі мұнай өңдеу зауыты мен Ростовтағы әскери аэродромда өрт шыққан.
Моңғол депутаты мен блогерлері қазақтарға неге өкпелі? Баян-Өлгейдегі қазақтар алаңдап отыр. Халықаралық құқық қорғау ұйымы белсенді Серікжан Білашқа Қазақстан қысым жасап отырғанын айтты. АҚШ конгресі Ресейге қарсы "тозақ санкция" атап кеткен құжатты қабылдады.
Украина президенті Зеленский кейінгі апталарда Ресей дрондары оның президенттік ұшағына байланысты Молдова әуе кеңістігіне екі рет кіргенін мәлімдеді. Ол соғыста енді екі тарап үшін де толық жеңіс болуы мүмкін емес екенін айтып, басты мақсат адам өмірін сақтап, соғысты тоқтату болуы керек деді.
Қазақстан президенті жайлы сатиралық видео жариялаған журналист сотталды. Орталық Азия мен Оңтүстік Корея президенттері алғаш рет саммит өткізді. Меккеге қарай жарылғыш дрон ұшырған кім? Сауд Арабиясының аспаны қауіпті бола бастады.
Тағы