Қазақстанда шетелдік азаматтар уақытша тұруға рұқсат алу үшін қазақ тілінен тест тапсырып, В2 деңгейін растауы керек деген ақпарат тарады. Астана мұны ресми растаған жоқ. Дегенмен Қазақстан ақпанда уақытша тұруға рұқсат алғысы келетіндерден қазақ тілін бастапқы А1 деңгейін білуді талап ете бастаған.
Ресейліктер Қазақстанда ықтияр хат алу қиындап кетті деп жатыр. | Үкімет шетелдіктерге қазақ тілі сынағын тапсыртады. Тіл туралы талап неге қазір пайда болды?| Ресей орыс тілін мигранттарға міндеттейді. Еуропада қалай?
АҚШ-тың назары Таяу Шығысқа ауған тұста Украина президенті Еуропаны аралап, жеке келісімдерге келіп жатыр. Германиямен зымыранға қарсы қорғаныс бағдарламасы, ал Норвегиямен дрон өндірісі бойынша екіжақты құжаттарға қол қойды. Ал майданда Пасха мейрамына байланысты кідірген атыс қайта басталды
Қазақстанда қаңғыбас иттерді бес күннен соң өлтіруге рұқсат беретін заң жобасына қарсылар қол жинап жатыр. Мәжіліс депутаттары қаңғыбас иттерден азаматтарға қауіп көп дейді. | Астанада мыңдаған ит асырап отырған орталық иесі депутаттардың уәжіне келіспейді.
Екі жыл бұрын Өзбекстаннан АҚШ-қа жолға шыққан самарқандық екі отбасы – барлығы сегіз адамның тағдыры не болғаны белгісіз. Олардың төртеуі – кәмелетке толмаған бала.
Талдықорғанда "Атажұрт" белсенділеріне сот үкімі шықты. | Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанды халықаралық нормаларды бұзды деп тапты. | Путин жақтап, Трамп мақтаса да Виктор Орбан Венгриядағы сайлауда жеңіліп қалды.
АҚШ пен Иран Пәкістандағы келіссөзде ортақ бітімге келе алмады. Екі жақ та бірнеше шарт бойынша келісе алғанын айтты. АҚШ вице-президентінің сөзінше, ядролық мәселеге келгенде келіссөз тұйыққа тірелген. Осыдан кейін АҚШ президенті Ормұз бұғазына кіріп-шығатын кемелердің жолын жабуды бұйырды.
Қытай туы мен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің портретін өртеп, наразылық акциясын өткізген "Атажұрт" белсенділеріне және олардың жақтастарына үкім оқыды. Сот "Ұлтаралық араздықты қоздыру" бабымен айыпталған 19 адамның бәрін кінәлі деп тапты.
Венгриядағы парламент сайлауында оппозиция лидері Петер Мадияр елдің қазіргі премьер-министрі Виктор Орбанды айқын басымдықпен жеңді. Орбан АҚШ президенті Дональд Трамптың Еуропадағы ең жақын серіктестерінің бірі болып, сөйте тұра Кремльмен де тығыз қарым-қатынас құрған.
Чехия астанасы Праганың орталығында Наурыз тойы өтті. Қазақтар киіз үй тігіп, ұлттық тағамдар пісірді, ұлттық ойындар ойнады. Шараны Qazaq Nomad қауымдастығы ұйымдастырды, оған Праганың жергілікті әкімшілігі мен Қазақстан елшілігі қолдау білдірді. Чехияда 10 мыңға жуық қазақстандық тұрады.
Исламабадта өткен келіссөзде АҚШ пен Иран ортақ келісімге келе алмады. АҚШ вице-президенті Тегеран ядролық қаруға қатысты міндеттеме алғысы келмейді мәлімдесе, Иран тарапы АҚШ-ты шамадан тыс талап қойды деп кінәлады. Сарапшылар бұл жағдай Таяу Шығыстағы әскери шиеленіс қаупін арттыруы мүмкін дейді.
Қазақстанда Құрылтай сайлауы тамызда өтетін болды. |Форбс журналы Қазақстандағы ауқатты әйелдердің тізімін жариялады. | Ресейде Telegram бұғатталып, интернетке кіру қиындап кетті.
Олар Қытайда қамалған жігіттің мәселесіне назар аудартып, кезекті видеоүндеу жазамыз деп ойлаған. Істің соңы "19-дың" соты деген үлкен дауға ұласып, халықаралық мәселе тудырарын білді ме? Талдықорғанда "Ұлтаралық араздықты қоздыру" бабымен сотталып жатқандар кімдер? "Ту өртеу" қалай ұйымдастырылды?
Қытай туын өртеп, істі боп жатқан "Атажұрт" ұйымының 19 белсендісі соттағы соңғы сөзін айтты. | Тимур-Динара Құлыбаевтардың былтыр мемлекетке жүздеген млрд теңге аударғаны мәлім болды. | Ливанға шабуылдан кемі 250 адам қаза тапқан соң Иран Ормуз бұғазын ашудан бас тартты.
Мәжіліс психологиялық қызмет туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Депутаттар бір-бір жарым жылдық курстар оқып психолог болып жүрген мамандардың жұмысын шектемек. Дипломы барлардың базасын жасамақ. Психологтарды жауапқа тарту да қарастырылады. Азаттық психолог Сая Бақимовамен сөйлесті.
Билік психолог, коучтардың қызметін реттейтін заң қабылдамақ. | Алматыда заңгер-блогердің абақтыдағы мерзімі екі айға ұзарды. Түркістанда белсенді 20 күнге қамалды. | Қырғызстан билігі Ресей түрмесінде отырған жүздеген азаматын елге қайтармақ.
АҚШ пен Иран атысты екі аптаға тоқтатуға келісті. Бітімге келгенін әуелі Ақ үй жетекшісі Дональд Трамп жазды. Көп өтпей бұл ақпаратты ресми Тегеран да растап, Вашингтон қабылдаған 10 шартты жариялады. Израиль үкіметі де Трамп шешімін қолдайтынын айтты, бірақ «мәміле Ливанға қатысты емес» деді.
Тағы