Accessibility links

ОАР "өзге планеталықтар" туралы көп айтып кетті


Әуесқой түсіріп алған "ұшатын тәрелкенің" суреті. Көрнекі фото.
Әуесқой түсіріп алған "ұшатын тәрелкенің" суреті. Көрнекі фото.

Daily Telegraph Оңтүстік Африка Республикасында "ұшатын белгісіз нысан (НЛО) көрген" тұрғындардың көбейіп кеткені туралы мақала жариялады.

«Кейптаун жағалауында ұшатын беймәлім нысандарды байқағандар көбейіп кетті. Мұндай ғарыш нысандары туралы зерттеулерге арналған сайттың негізін қалаушының айтуынша, бөгде ғаламшарлықтар жер шарының тұрғындарын бақылап жүр» деп жазады мақала авторы.

Оңтүстік Африкадағы ұшатын беймәлім нысанды зерттеуге арналған сайттың негізін қалаған Герт Йорданның айтуынша, «21-27 ақпан аралығында көптеген адамдар аспаннан ашық сарғыш түсті жарық көрген». Зерттеуші бұл құбылысты тек аққан метеориттің жолы деп түсіндіруге келмейтінін айтады.

«ОЛАР БІЗДІ ЗЕРТТЕП ЖҮР»

«Метеорит сап-сары боп жарқырайды, ал бақылаушылар аспандағы дененің бағытын өзгертіп, әртүрлі жылдамдықпен қозғалғанын байқады. Кейбір нысандар бес минуттан артық қозғалмай тұрды. Кейптаун маңында көзге түскен құбылыстарды НЛО-ға жатқызуға болады» деді ол Times газетіне берген сұхбатында.

Норвегияның Skjold әскери базасына төнген белгісіз беймәлім нысан. 9 желтоқсан 2009 жыл
Норвегияның Skjold әскери базасына төнген белгісіз беймәлім нысан. 9 желтоқсан 2009 жыл
Йордан мырза басқа да себептерге тоқталып өтті. Соның бірі «Осы аймақта аса құпия ұшақтар сынақтан өткізілуі мүмкін» деген жорамал. «Екінші нұсқа: басқа ғаламшар тұрғындары бізбен байланысқа түсіп, білім алмасқысы келеді».

Оңтүстік Африка обсерваториясының астрономы Никола Лорингтің айтуынша, «жарқылдаған құбылыс – метеорит ағыны, олар ұсақ тастардың қосындысы болғандықтан Жер атмосферасына енгенде жанады».

МЕТЕОРИТ ПЕ, БӨГДЕ ПЛАНЕТАЛЫҚТАР МА?

«Бұл өте жиі байқалатын құбылыс. Олар сарғыш, кейде жасыл түсті боп жанады, құбылып тұрады, әдетте ағарып кетеді» дейді ол. Маман «ақырзаман келіп қалды» деген сияқты болжамдардан соң адамдардың бұндай оқиғаға ерекше елеңдейтінін ескертеді.

НЛО туралы мұндай хабарлар ақпанның 24-інде Порт-Альфред қаласында болған құтқару операциясынан кейін тарады. Бір куәгер Бихра өзенінің сағасына жақын жерде әскери ұшақтың апатқа ұшырай жаздап қонғанын көрген.

Ресейдің Челябинск облысына құлаған метеорит жарығы. 15 ақпан 2013 жыл
Ресейдің Челябинск облысына құлаған метеорит жарығы. 15 ақпан 2013 жыл
ОАР Ұлттық теңіздегі құтқару шаралары институтының мәлімдемесінде бұл хабарлама туралы «полицияға ескертілгені, азаматтық авиация басқармасы мен жергілікті әуежайларға, әскери әуе күштеріне хабарланғаны баяндалады.

Бірақ әзірге дейін қандай да бір ұшақтың апатқа ұшырағаны туралы мәлімет түспеген. «Ешқандай ұшақтың шұғыл түрде қонғаны туралы дерек жоқ. Бұл ауданда ештеңе ұшпаған. Сенімді куәгердің нені көргені анықталмады» деп жазылған ресми хабарламады.
XS
SM
MD
LG