Режеп Ердоған: "Ресейдің Қырымды аннексиялап алғанын мойындамаймыз"
Киевке сапармен барған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкара Украинаның тәуелсіздігі мен территориялық біртұтастығын қолдайтынын айтты. Ердоған Ресейдің Қырымды аннексиялап алғанын Түркия "мойындамай келгенін және ешқашан мойындамайтынын" мәлімдеді. Оның сөзінше, Түркия Қырым татарларының басындағы ахуалды жіті бақылап отырады. Ол Украинаға Қырым татарларының құқықтарын қорғап жатқаны үшін алғыс айтты. Азаттықтың Украин қызметінің видеосы.