Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков алғашқы ресми сапарын Ташкенттен бастады. Сапардың алғашқы күні - 13 желтоқсанда ол Ташкенттегі Мустақиллиқ (Тәуелсіздік) алаңында Тәуелсіздік және гуманизм ескерткішіне және Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің ескерткішіне гүл шоғын қойып, тағзым етті. Бұл күні Сооронбай Жээнбеков өзбекстандық әріптесі Шавкат Мирзияевпен кездесті. Сапардың екінші күні - 14 желтоқсанда оның өзбек премьер-министрімен кездесуі жоспарланған.
Жээнбеков - Ташкентте

1
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің алғашқы ресми сапармен Ташкент әуежайына түсіп жатқан сәті.

2
Әуежайда оны Өзбекстан премьер-министрі Абдулло Арипов қарсы алды.

3

4
Әуежайдағы құрметті қарауыл.

5
Мустақиллиқ алаңындағы гүл шоғын қою рәсімінде.

6

7

8
Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың ескерткішіне гүл қою рәсімі.

9
Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияевтің президент Сооронбай Жээнбековті қарсы алуы.

10
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен кездесуде. Екі ел басшыларының кездесуі жылы шырайлы рәуіште өткен.