Accessibility links

Ұлттық банк: теңге 5 пайыз құнсызданды


Ұлттық банк қараша айының қорытындысы бойынша, теңге 5 пайыз құнсызданып, 1 АҚШ доллары 512,52 теңгеге тең болды деп мәлімдеді. Банк желтоқсанда Ұлттық қордан 900 млн долларға дейін валюта сатылады деп болжап отыр. 2 желтоқсанда елдегі ақша айырбастау орындарының кейбірінде 1 доллар 530 теңгеден сатыла бастады.

Ұлттық банктің мәліметінше, қарашада Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт қамтамасыз ету үшін 1 млрд 260 млн доллар валюта сатылған. Қазақстан қор биржасындағы сауданың орташа бір күндік көлемі бір айда 16 млн долларға азайған.

Ішкі валюта нарығында экономикалық агенттерден шетел валютасына сұраныс артқаны, айырбас бағамының психологиялық деңгейін еңсеру аясында ұсыныстың да шектелгені байқалды деді банк.

"Ұлттық банк шілдеде үкіметтің Ұлттық қорға "Қазатомөнеркәсіп" акцияларын сатып алу туралы шешімін іске асыру кезінде қордағы валюта активтерінің бір бөлігін сатып, банктің алтын-валюта резервтеріне конвертациялады. Қарашада осы операция аясында Ұлттық банктің алтын-валюта резервтерінен сату көлемі 133,8 млн АҚШ долларға жетті" деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

29 қарашада Ұлттық банк 15-28 қараша аралығында валюта интервенциясын жүргізуге мәжбүр болғанын айтқан еді, оған 1 млрд доллар жұмаған. Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов өз төрағалығы тұсында бір доллар 500 теңгеден асқанына қынжылыс білдіріп, халықты сабырға шақырған. Ол "өсім небары 2 пайыз, дүрлігудің қажеті жоқ" деген. Сүлейменов курс құбыла берсе, Ұлттық банк доллар бағамын ұстап тұруға тағы әрекет жасайтынын жоққа шығармады.

Құлаған теңге, күшейген доллар. Енді не болады? – AzatNEWS | 29.11.2024
please wait

No media source currently available

0:00 0:22:42 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG