Accessibility links

Львов қаласына жасалған шабуыл. 26 наурыз 2022 жыл.
Львов қаласына жасалған шабуыл. 26 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 21-27 наурыз аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

19:48 26.3.2022

Байден соғыс басталғалы бері алғаш рет Украинаның екі министрімен кездесті

АҚШ президенті Джо Байден 26 наурызда Варшавада Украинаның екі министрі – сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мен қорғаныс министрі Алексей Резниковпен кездесті.

Кездесуге сонымен бірге АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен, Пентагон басшысы Ллойд Остин қатысты. Бұл Ресей Украинаға басып кіргелі бері Америка мен Украинаның жоғары лауазымды тұлғалары арасында өткен алғашқы кездесу.

АҚШ президенті мен Украинаның екі министрінің кездесуі. 26 наурыз 2022 жыл.
АҚШ президенті мен Украинаның екі министрінің кездесуі. 26 наурыз 2022 жыл.

Алексей Резниковтың Twitter'дегі жазбасына қарағанда, кездесу барысында тараптар саяси және қорғаныс саласындағы әріптестікті нығайту мәселесін талқылаған.

Сенбі күні сәл кешірек Байден АҚШ пен одақтастарының Украинаға көмегі жөнінде сөз сөйлейді. Бұған дейін Ақ үй Байден "еркін әлемнің" Ресей басқыншылығына қарсылығы жөнінде айтады деп мәлімдеген.

19:02 26.3.2022

Бішкекте Украинаны қолдау митингісіне ондаған адам жиналды

26 наурызда Қырғызстан астанасында Ресей шабуылына ұшыраған Украинаны қолдау акциясы өтті. Оған шамамен елу шақты адам қатысты. Арасында белсенділер мен журналистер де бар. Шараға келгендер соғыста қаза болғандарды еске алып, бір минут үнсіздік жариялады.

Горький атындағы алаңға жиналғандардың қолында Қырғызстан мен Украина тулары, "Соғысқа жол жоқ!", "Қырғызстан Украинамен бірге", "Украина, өмір сүре бер!" деген жазуы бар плакаттар болды.

"Украина сіз бен біздің бостандығымыз үшін күресіп жатыр" деді митингіде сөйлегендердің бірі.

Акцияда сөйлеген азаматтар Қырғызстанда ресейлік мемлекеттік арналардың таратылуын тоқтатуды, Ресей әскери базасын жабуды талап етті. Одан бөлек, Қырғызстан Еуразия экономика одағы мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан шығуы тиіс деген талаптар айтты.

17:30 26.3.2022

Киев экономика мектебінің мәліметінше, бір ай ішінде Украина инфрақұрылымына $63 млрд көлемінде шығын келген. Ресей басқыншылығының салдарынан 4431 тұрғын үй, 378 білім мекемесі, 138 медицина нысаны, 12 әуежай қираған.

17:13 26.3.2022

Киев пен Киев облысында коменданттық сағат енгізіледі

Ол 26 наурыз сағат 20:00-ден басталып, 28 наурыз таңертеңгі сағат 7-ге дейін күшінде болады.

Коменданттық сағат кезінде қалада тек арнайы рұқсаты бар көліктер ғана жүре алады.

Қоғамдық көлік, дүкендер, дәріханалар мен жанар-жағармай станциялары жұмыс істемейді.

Тұрғындар дабыл қағылып, бомбадан тығылатын орындарға бару қажет болған кезде ғана көшеге шыға алады.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG