Accessibility links

Reuters: Түркия мұнайды Ресейден өзге елдерден көбірек сатып ала бастады


Жерорта теңізіндегі Жейхан мұнай терминалы маңынан өтіп бара жатқан танкер, Адана қаласы, Түркия (архивтегі фото)
Жерорта теңізіндегі Жейхан мұнай терминалы маңынан өтіп бара жатқан танкер, Адана қаласы, Түркия (архивтегі фото)

Мәскеуге қарсы кейінгі енгізілген санкциялардан соң Түркияның мұнай өңдейтін ірі кәсіпорындары Ресейден басқа елдерден мұнай сатып алуды арттыра бастаған. Мұндай ақпаратты дереккөздерге сүйеніп, Reuters хабарлады.

Агенттік сөйлескен адамдардың айтуынша, Түркиядағы ең ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірі – әзербайжандық SOCAR компаниясына тиесілі SOCAR Turkey Aegean Refinery – жуырда Ирак, Қазақстан және өзге де Ресейден басқа мұнай өндірушілерден шикізаттың төрт партиясын сатып алған, олар биыл желтоқсан айында жеткізілмек.

Шикізат нарығы туралы деректерді талдайтын Kpler компаниясының мәліметінше, SOCAR Turkey Aegean Refinery биыл қыркүйек пен қазан айларында негізінен ресейлік шикізатты – күніне шамамен 210 мың баррель мұнай пайдаланған. Ал бұл жолы сатып алынған шикізаттан кейін Ресейден өзге елдерден келетін мұнайдың үлесі күніне 77 мың баррельден 129 мың баррельге дейін жетуі мүмкін деп жазды Reuters.

Бұған қоса, Түркияның тағы бір ірі мұнай өңдеу компаниясы – Tupras зауыты да ресейлік емес шикі мұнайды көбірек сатып ала бастаған. Дереккөздердің хабарлауынша, Tupras иелік ететін екі ірі зауыттың бірі жақын уақытта ресейлік мұнай импортынан толық бас тартуы мүмкін. Компания Еуропаға сататын отын экспортын сақтап қалу үшін осындай қадамға баруы ықтимал.

XS
SM
MD
LG