Accessibility links

Тоқаев: Қазақстандағы президенттік басқару үлгісі Алтын Орда кезінде құрылған саяси жүйеден бастау алады

Мемлекеттік рәміз күніне арналған жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөйлеп тұр. Астана, 4 маусым 2026 жыл.
Мемлекеттік рәміз күніне арналған жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөйлеп тұр. Астана, 4 маусым 2026 жыл.

Қазақстанда берік орныққан президенттік басқару үлгісі Алтын Орда кезінде құрылған саяси жүйеден бастау алады. Мемлекеттік рәміздер күніне арналған жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.

“Алтын Орда өзінің басқару институттары, дипломатиялық қызметі, байланыс және кеден жүйесі, әлемде мойындалған валютасы, озық инновациялары бар орта ғасырдағы алып ел болды. Қазір Қазақстанда берік орныққан президенттік басқару үлгісі Алтын Орда кезінде құрылған саяси жүйеден бастау алады” деді Тоқаев.

Оның сөзінше, "Алтын Орданың жетістігі Еуразиядағы көптеген халықтың ортақ игілігі саналады".

Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан өзгелердің “таптаурын болған тәжірибелері мен идеяларын” үлгі етпеуі керек және “өнбейтін дау-дамайдан бойын аулақ салуға тиіс”.

Ол жақын арада Қазақстан тарихының жеті томдық академиялық еңбегі жарыққа шығатынын, бір томы түгелдей Алтын Ордаға арналатынын айтты.

Алтын орда – 13-15 ғасырларда қазіргі Қазақстанды, Ресей мен Украинаның біраз бөлігін, Шығыс Еуропаны, Солтүстік Кавказды және Батыс Сібірді жайлаған мемлекет.

Айдар
XS
SM
MD
LG