Accessibility links

Тараздағы "алып қашу": үш адам үйқамаққа жіберілді


Тараз соты. Көрнекі сурет.
Тараз соты. Көрнекі сурет.

Таразда қызды “алып қашқан” Алматының үш тұрғыны үйқамаққа алынды. “Некеге тұруға мәжбүрлеу” бабы (125-1) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде Orda жазды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде аялдамада тұрған тұрғындардың көзінше бір қызды көлікке күштеп отырғызып, алып кеткені жөніне видео тараған еді. Қыз бала жан ұшырып, көмек сұрайды.

Сайттың жазуынша, қыз баланы күйеуге беру үшін “алып қашқан”.

Осыған дейін жәбірленуші қыз “өзін кім ұрлағанын білмегенін, сондықтан айқайлап көмек сұрағанын” айтқан. “Алып қашушылар” өзінің жігітінің досы екенін кейін ұққан. Тараптардың бір-біріне шағымы жоқ екені айтылады.

"Машинаға мені отырғызып, кеткеннен кейін рөлде өзім алты жылдан бері кездесіп жүрген жігіт отырғанын көрдім. Бізде келісім болған, тіпті үйлену тойы да өз болған. Бірақ бәрі көктемге шегерілген еді. Мені дәл қазір ұрлап әкетеді деп ойлаған жоқпын. Бағдаршамда тоқтаған кезде мен машинадан түсіп, үйге кеттім" деді қыз.

30 қазанда сот Алматының үш тұрғынын үйқамаққа жіберді.

Жуырда Қылмыстық кодекске енген өзгеріс бойынша “қыз алып қашу” “Адам ұрлау” бабына енгізіліп, ол бойынша жаза күшейтілген еді.

XS
SM
MD
LG