Accessibility links

Шымкенттік блогер бопсалау күдігіне ілінді

Шымкентте полиция жергілікті блогер Асхат Балқыбаевты ұстады. Полицияның дерегінше, оның Instagram-да 150 мыңнан астам жазылушысы бар. Ол бопсалау және алаяқтық бойынша күдікке ілініп отыр.

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оның "сыбайластары да" ұсталған. Қазір сот бұлтартпас шарасын қолдану мәселесін шешіп жатыр.

Күштік құрылым өкілдерінің айтуынша, блогер және оның "сыбайластары" кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлердің "заңсыздықтары" мен "тәртіптік қылықтарын" сылтауратып, видеоға түсірген.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, кейін видеоматериалдарды қысым жасау үшін пайдаланған, ақша талап еткен.

Әзірге күдіктілердің адвокаттары немесе жақындарының мәлімдемелері жөнінде ақпарат жоқ.

Айдар
XS
SM
MD
LG