Мұхамедияр Тастан Шекара қызметінің әскери бөлімінде өзіне қол жұмсады. Семей гарнизонының әскери соты сарбазға қысым көрсетті деп, кіші сержант Азамат Тақыбаевты алты жылға соттады. Марқұм сарбаздың әке-шешесі Мұхамедиярдың қазасына жалғыз сержант жауапты дегенге келіспейді.
Сарбаз өзін атып тастады. Бұған тек сержант кінәлі ме?
ПІКІРЛЕР