Accessibility links

Ресейлік туристерсіз құлазыған Анталия

Туристерсіз құлазыған Анталия. 5 желтоқсан 2015 жыл.
Туристерсіз құлазыған Анталия. 5 желтоқсан 2015 жыл.

Түркия Сириямен шекарасында ресейлік ұшақты атып түсіргеннен бері Мәскеу туристердің барыс-келісін тоқтатты. Қазір Түркияның курортты қаласы Анталия қаңырап тұр.

Жерорта теңізі жағалауындағы қалада 300-ден астам жарқыраған бесжұлдызды қонақүйлер мен күн ысытқан жағажайлары бар, жыл сайын қала миллиондаған ресейлік туристерге қызмет көрсетеді.

ДАҒДАРЫС

Анталияның салтанатты қонақүйлерінің жанындағы апельсин ағашымен көмкерілген тегіс жолдар жаңадан салынған көпқабатты сауда орталықтарына апарады. Ол жерде кафелер мен зергерлік дүкендер, ресейлік қонақтардың көзін жайнататын басқа да көптеген дүниелер бар.

Толға Барыс.
Толға Барыс.

Бірақ қазір, желтоқсан айының басында, қонақүйлер мен дүкендер қаңырап бос тұр. Дүкен иелерінің көбі есік алдындағы ағаш орындықта күнге қыздырынып, шай ішіп не шылым шегіп отыр. Осындай бір кафеде отырған 32 жастағы сауда және маркетинг менеджері Толға Барыс жұмысы сегіз қонақүйді мейманға толтыру екенін айтты.

Бірақ оның Limak Hotels Group қонақүйлер желісі соңғы шектеуге қарсы тұра алмауы мүмкін - Кремль ресейлік туристердің Түркияға баруына тыйым салды. Оған өткен айда Түркияның Сириямен шекарасында ресейлік әскери ұшақты атып түсіруі себеп болды.

«Ресей туристерінсіз табыс та жоқ» дейді ұзын бойлы, жігерлі жігіт шай сораптап отырып. Ол саусағымен бұрын ресейлік туристер қаптап жүретін сувенир, ішік және былғары бұйымдар дүкендерін көрсетіп, «көрдіңіз ғой, бәрі бос тұр» деді.

Барыстың айтуынша, қазіргідей «өліара кездің» өзінде келетін екі мыңға жуық адам қарашаның 24-інен кейін (ұшақ оқиғасынан соң) қараша-желтоқсан турынан бас тартқан.

«Мен Мәскеуге барып, екі туристік агенттікпен кездеспек болғам, бірақ қазір ол жаққа барғаннан пайда жоқ» деген Барыс ұялы телефонына мазасыздана қарап қойды.

Түркия Ресейдің әскери ұшағын атып түсіргеннен төрт күн өткенде Владимир Путиннің «Ресей ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Ресей азаматтарын қорғау мақсатында Түркияға қарсы арнайы экономикалық шара қабылдау» туралы бұйрығы шықты.

Ресейдегі түрік азаматтарын жұмысқа алу мен олардың Ресейде кәсіпкерлікпен айналысуына тыйым салу, виза бермеу сияқты шектеулермен қатар Кремль ресейлік туристік агенттіктерді «Ресей азаматтарының Түркияға баруына мүмкіндік беру» құқығынан айырды. Үкімет екі ел арасындағы чартерлік рейстерді тоқтатуды бұйырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ: Ресейлік туристерсіз құлазыған Анталия

Ресейлік туристерсіз қаңыраған Анталия

Анталиядағы Кремль Palace қонақүйі ресейлік туристер ең көп келетін орындардың бірі болатын
1/13 Анталиядағы Кремль Palace қонақүйі ресейлік туристер ең көп келетін орындардың бірі болатын
Түркияның Анталия қаласына жылына үш миллиондай ресейлік турист баратын. Бірақ, Анкара мен Мәскеу араздығы туристер шаһарына зиян келтірді.
Желтоқсанның басында Кремль Palace жағажайы бос жатыр. Әдетте бұл жерден ресейлік туристер үзілмейтін.
2/13 Желтоқсанның басында Кремль Palace жағажайы бос жатыр. Әдетте бұл жерден ресейлік туристер үзілмейтін.
Түркияның Анталия қаласына жылына үш миллиондай ресейлік турист баратын. Бірақ, Анкара мен Мәскеу араздығы туристер шаһарына зиян келтірді.
Анталиядағы үлкен орыс матрешкалары.
3/13 Анталиядағы үлкен орыс матрешкалары.
Түркияның Анталия қаласына жылына үш миллиондай ресейлік турист баратын. Бірақ, Анкара мен Мәскеу араздығы туристер шаһарына зиян келтірді.
Бес жұлдызды Delphin Palace отелін бұрын ресейлік туристер басып жататын.
4/13 Бес жұлдызды Delphin Palace отелін бұрын ресейлік туристер басып жататын.
Түркияның Анталия қаласына жылына үш миллиондай ресейлік турист баратын. Бірақ, Анкара мен Мәскеу араздығы туристер шаһарына зиян келтірді.
Ресей туристері жиі келетін сувенир дүкенінде де қазір кісі аяғы саябырсыған.
5/13 Ресей туристері жиі келетін сувенир дүкенінде де қазір кісі аяғы саябырсыған.
Түркияның Анталия қаласына жылына үш миллиондай ресейлік турист баратын. Бірақ, Анкара мен Мәскеу араздығы туристер шаһарына зиян келтірді.
Анталиядағы Ольбия отелінің қожайыны Ахмет Хамди Қарагөз Ресеймен арада болған визасыз режим мен ұшақпен келу уақытының екі сағаттан аспауы қаланы туристер орталығына айналдырғанын айтады.
6/13 Анталиядағы Ольбия отелінің қожайыны Ахмет Хамди Қарагөз Ресеймен арада болған визасыз режим мен ұшақпен келу уақытының екі сағаттан аспауы қаланы туристер орталығына айналдырғанын айтады.
Түркияның Анталия қаласына жылына үш миллиондай ресейлік турист баратын. Бірақ, Анкара мен Мәскеу араздығы туристер шаһарына зиян келтірді.
Ольбия отелінің рестораны желтоқсаннан бастап бос тұр. 
7/13 Ольбия отелінің рестораны желтоқсаннан бастап бос тұр. 
Түркияның Анталия қаласына жылына үш миллиондай ресейлік турист баратын. Бірақ, Анкара мен Мәскеу араздығы туристер шаһарына зиян келтірді.
Көбінесе ресейлік туристерге қызмет көрсететін Анталиядағы Mudemo tur туристік агенттігінің қызметкерлері жұмыстарының тоқтап тұрғанын айтады.
8/13 Көбінесе ресейлік туристерге қызмет көрсететін Анталиядағы Mudemo tur туристік агенттігінің қызметкерлері жұмыстарының тоқтап тұрғанын айтады.
Түркияның Анталия қаласына жылына үш миллиондай ресейлік турист баратын. Бірақ, Анкара мен Мәскеу араздығы туристер шаһарына зиян келтірді.
Кезінде саудасы қайнап жататын Анталиядағы ішіктер мен былғары дүкені.
9/13 Кезінде саудасы қайнап жататын Анталиядағы ішіктер мен былғары дүкені.
Түркияның Анталия қаласына жылына үш миллиондай ресейлік турист баратын. Бірақ, Анкара мен Мәскеу араздығы туристер шаһарына зиян келтірді.
Анталиядағы Sea Life спа-отелі де ресейлік туристер көп келетін орын еді. Қазір мұндағы қонақтардың дені - Еуропа елдерінен келген туристер.
10/13 Анталиядағы Sea Life спа-отелі де ресейлік туристер көп келетін орын еді. Қазір мұндағы қонақтардың дені - Еуропа елдерінен келген туристер.
Түркияның Анталия қаласына жылына үш миллиондай ресейлік турист баратын. Бірақ, Анкара мен Мәскеу араздығы туристер шаһарына зиян келтірді.
Mamma Ruski <span lang="ru"><span class="hps">рестораны Анталияда тұратын орыстар мен Ресейден келетін туристерге қызмет көрсететін орталық іспетті болатын.</span></span>
11/13 Mamma Ruski рестораны Анталияда тұратын орыстар мен Ресейден келетін туристерге қызмет көрсететін орталық іспетті болатын.
Түркияның Анталия қаласына жылына үш миллиондай ресейлік турист баратын. Бірақ, Анкара мен Мәскеу араздығы туристер шаһарына зиян келтірді.
Анталия жағалауында 300-ден астам бес жұлдызды отель бар.
12/13 Анталия жағалауында 300-ден астам бес жұлдызды отель бар.
Түркияның Анталия қаласына жылына үш миллиондай ресейлік турист баратын. Бірақ, Анкара мен Мәскеу араздығы туристер шаһарына зиян келтірді.
Анталия жағалауы қыс айларында да туристерге толы болатын. Мұндағы температура желтоқсанда 20 градус жылы болып тұрады.
13/13 Анталия жағалауы қыс айларында да туристерге толы болатын. Мұндағы температура желтоқсанда 20 градус жылы болып тұрады.
Түркияның Анталия қаласына жылына үш миллиондай ресейлік турист баратын. Бірақ, Анкара мен Мәскеу араздығы туристер шаһарына зиян келтірді.
Previous slide
Next slide

«Егер ресейлік турист саны жазда да көбеймесе, Анталиядағы туризм нағыз дағдарысқа ұшырайды» дейді Барыс. Анкара мен Мәскеу арасындағы дау-дамай ушығып тұр, шиеленіс сәтімен шешіледі деуге әзірге үміт аз.

Барыс «В және С жоспары» бар екенін айтты. Ол бойынша, Түркияға Батыс Еуропа туристерін шақыру керек. Бұл жоспар сәтсіз болса, Әзербайжан, Қазақстан және Украина тәрізді пост-советтік елдер тұрғындарына билетті жеңілдікпен сату қалады. Бірақ бұл елдердің өздерінде теңіз жағалаулары бар.

БОЛАШАҚҚА АЛАҢДАУ

Талай онжылдықтан бері Анталияның құмдауыт жағажайлары мен жылы температурасы ресейліктер үшін ғажайып демалыс орны болып келді. Ұшып баруға оңай және визасыз режим де туризмді дамытуға ыңғайлы болатын. Мұнда тіпті Мәскеудегі ғимараттармен аттас Kremlin Palace hotel (Кремль сарайы қонақүйі), Matryoshka Park (Матрешка саябағы), Mamma Ruski рестораны да пайда болған.

Түркия ресейліктер үшін ең танымал демалыс орны еді. Үкіметтің есебі бойынша, бұл елге осы жылдың 9 айында 3 миллион 300 мың ресейлік саяхаттап барған. Олардың көбі Тавр таулары мен Жерорта теңізі жағасы арасындағы курортты орындарды ұнатады.

Ресейлік туристер жыл сайын Анталияға 6 миллиард доллар қаржы төлеп кететін. Қаңтар мен қыркүйек арасындағы туристік маусымдарда мемлекет шамамен 21 миллиард АҚШ доллары көлемінде пайда көріп келді.

Анталиядағы Motto Cafe ресторандар желісі қожайыны 37 жастағы Ақай Дагкиран бос тұрған үстелдерге қынжыла қарайды. Бесжұлдызды, сан қатар қонақүйлердің қасында орналасқан дәмханасы бұрын ресейлік туристерге толы еді. Қазір онда даяшылар ғана жүр.

«Тұтынушыларымыз бен туристеріміздің көбі Ресейден келетін. Анталияға келетін туристердің 50 пайыздан астамы ресейліктер еді» дейді Дагрикан. Ұқыпты әрі жігерлі Дагкиран тіпті маусым өтіп, кісі аяғы басылған кезде де клиентсіз қалып көрмегенін айтады. «Ал қазір ресейлік туристер мүлдем жоқ» деген ол ресторандарының бірін уақытша жапқанын да айтты.

«Бізде орыс тілінде мәзірлер (меню) бар-тұғын. Қызметкерлерді ресейліктерге қызмет көрсету үшін оқытамыз, орыс тілін үйрететін курстарға жібереміз. Мұндағы кәсіптің көбі ресейлік туристерге тәуелді» дейді Дагкиран.

ИНФОГРАФИКА: Түркия экономикасындағы ресейлік туристер үлесі (ағылшын тілінде)

Түркиядағы ресейлік туристер саны осыған дейін де біртіндеп азая бастаған болатын, оған Ресей экономикасының құлдырауы, рубльдің құнсыздануы, ресейдіктердің сатып алу мүмкіндігінің азаюы ықпал еткен. Дагкиран туристік агенттіктер, қонақүй менеджерлерінің болжамын естігенін айта кеп, «2016 жылы туристік маусым үлкен шығын шегеді» деді.

Ресей туристік агенттіктеріне Түркияға тур сатсаңдар санкцияға ұшырайсыңдар деген ескерту жасалды. Анталиядағы туристік агенттік Mudemо Tur-дың сауда өкілі Гази Демир де Мәскеу мен Анкара дауынан кейін тығырыққа тірелгенін баяндады. Әйелі мен әріптестерінің қасында отырған Демир тур ұйымдастыру, әуе билеттерін сату, қонақүйлерге мейман тіркеумен айналысып келген. Ол «кейінгі үш аптада бірде-бір қонақ тіркемегенін» айтты.

Өткен жылдың осы айында ол Анталия мен оның ерекше Жаңа жыл мерекесін көруді қалаған ресейліктер үшін 200-ден астам жолдама сатқан. «Бұл бизнестің 80 пайыз табысы ресейлік туристерге тәуелді. Бәріміз болашаққа алаңдап отырмыз» дейді туризм саласында 20 жылдан астам қызмет еткен Демир.

«БӘРІБІР КЕЛЕ БЕРЕМІН»

Орта жасқа келген Демир енді Ресейді алмастыратын нарықтарды қарастырып жатыр. Ол нарыққа Иран, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі тәрізді Таяу Шығыс елдері де кіреді. «Бірақ олар да ресейлік туристерді алмастыра алмайды» деген ол Антальяның инфрақұрылымы ресейліктерге арнап салынғанын айтады. Алайда ресейлік туристерден мүлдем айырыламыз дегенге түрік кәсіпкерлерінің бәрі бірдей сене бермейді.

«Анталия ресейліктер үшін жасалған» дейді Olbia Hotel (Ольбия отелі – ред.) қожайыны Ахмет Хамди Карагөз. «Аумақтың туристік инфрақұрылымы, оның Мәскеуге жақындығы, жолаушының ұшақпен небәрі екі жарым сағатта жететіні, визасыз режим Анталияны ресейліктер үшін «жерұйыққа» айналдырды» дейді ол.

Қатқыл жүзді, өзіне сенімді Карагөз Анкара мен Мәскеу арасындағы шиеленіс шешіледі деп сенеді. Ол екі ел «тығыз байланысты» дейді. Түркияда орыс тілді 70 мыңдай экспатриант өмір сүреді, олардың көбі туризм саласында еңбек етеді. Олар да Мәскеудің Анкараға қарсы жазалау шарасынан жапа шегіп жатыр.

Түркия атып түсірген Ресей әскери ұшағы Сирия аумағына құлап барады. Түркия-Сирия шекарасы, 24 қараша 2015 жыл.
Түркия атып түсірген Ресей әскери ұшағы Сирия аумағына құлап барады. Түркия-Сирия шекарасы, 24 қараша 2015 жыл.

Отбасылық Scorpio Russian мейрамханасының неонды жарықтарының қасында тұрған орысша сөйлейтін украин қызы Юлия «Қазір адам өте аз, сондықтан бұрынғыдай әсер алмайсыз» дейді. Түріктер мен орыс эмигранттары арасында танымал болған мейрамхананың жұмыс істегеніне 10 жылдан асқан. Бірақ кейінгі аптада бұл ресторанда да келушілер азайғаны біліне бастаған. Юлияның айтуынша, «ресейлік туристер ұзақ уақыт оралмайтын болса, Scorpio Russian-ға қиын болмақ».

Көне қала Анталияның туристерді магнитше тартатыны белгілі, оның тар көшелеріне жеміс-жидек пен сувенирлер базарын аралаған адамдар сыймай жататын. Шаһардың орталық алаңында бір күндік турмен келген автобус, таксилер қаптап тұратын. Төмендегі айлақта да ондаған кеме турист тасып үлгермей жататын. Қазір демалушылар саны азайып кеткен.

Мәселен Наталья мұнда анасымен келген. Анталияда бұрын үш рет болған бойжеткен - биліктің ескертуінен қорықпаған аздаған адамның бірі. Күннен қорғайтын көзілдірігін шешіп жатып ол «Мені саясат қызықтырмайды. Бұл жаққа көп жылдан бері келіп жүрмін. Егер Түркияға келуге мүлде тыйым салынса, басқа жолын табамын» деді.

Фруд Бежанның мақаласы ағылшын тілінен аударылды.

Айдар
XS
SM
MD
LG